Мазмұнға өту

Жаңа

"Есіктен есікке" акциясы

Тұщықұдық ауылында«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша Маңғыстау аудандық сайлауалды штабы мүшелері Тұщықұдық ауылында болды.

Акция барысында ауыл тұрғындарының үйлеріне барып,  партияның жетістіктері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

0
0
148

“Үміткер қонақта”

“Үміткер қонақта”

Биылғы сайлаудың ерекшелігі – бұрын-соңды қолданыста болмаған саяси терминдердің қалыптасуы. Мәселен, сайлаудың үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы «канвассинг» ұғымын негізге алмақ.

Канвассинг – бұл партия жақтастарын жекелеп тарту немесе «Үміткер – қонақта» деген ұғымды білдіреді. Бүгін Канвассинг — сайлаушылар үйіне үгіт-насихат жұмыстарын түсіндіру мақсатында «Nur Otan» партиясының атынан облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Мадияр Жеңісұлы Байжанов Шыңғырлау ауылында тұратын қариялардың үйлеріне барып, алдағы келе жатқан сайлауда белсенділік танытуға, «Nur Otan» партиясына сенім білдіріп, дауыс беруге шақырды. Мадияр Жеңісұлы кездесу барысында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық

филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, атқаратын іс-шаралар жайлы баяндады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының партия тарапынан қолға алынып жатқанына ауыл ақсақалдарының көңілдеріне қонып, партия өкілдері мен үміткерлерге өз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

преодолев испытания, победим вместе!

0
0
198

Аудандық штаб мүшелері Бейнеу политехникалық колледж қызметкерлері мен студенттерімен кездесті

Аудандық штаб мүшелері Исатаев Рахметтулла және Сериккали Бекарыс ауданымыздағы Бейнеу политехникалық колледж қызметкерлері мен студенттерімен кездесті.

Кездесуде штаб мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

0
0
117

"Есіктен есікке" акциясы

"Nur Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалының аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Бисенгалиева Улмекен аудан тұрғындарымен "Есіктен есікке" акциясы аясында кездесу өткізді.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндіріп, 10 қаңтардағы сайлауға белсенді қатысуға шақырды.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетейік құрметті ағайын!

0
0
144

«Есіктен есікке» акциясы

Елбасы, партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай «Nur Otan» партиясы еліміздегі басты саяси күшке айналды.

Осы жылдары партия ішкі тұрақтылықтың тірегі болып, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай жұмыс істеп келеді.»

Осы орайда бүгін партияның сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында  тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді. Партия үшін қарапайым халықтың мүддесі ең бірінші орында тұрады. Халықтың мәселесін шешу жолында ұсыныстар қабылдап, әрекет етуге дайынбыз.


0
0
122

Қызылордалық үміткерлер үй аралап үгіт жүргізді

Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Есіктен есікке» акциясы ұйымдастырылды. Іс шара аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Сейтқамал Сұлтанов аудандық ардагерлер кеңісінің төрағасы және ауыл шаруашылығы саласының ардагерімен кездесті. Жарқын жүздесу аясында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, басым бағыттарын жан-жақты түсіндірді. Партияның бес жылдық жоспарымен танысқан ардагерлер сайлауалды бағдарламаның әрбір бағыты әлеуметтің әлеуеттін арттыруға бағытталғаннын айтты. Берекелі шаңырақ иелері кандидатқа ақ батасын беріп, сәттілік тілесті.

Айта кеткен жөн, «Nur Otan» партиясы Сырдария ауданын дамытудың 7 негізгі басым бағытын ұсынады. Олардың қатарында жол сапасын жақсарту, кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау, жергілікті тұрғындарды көгілдір отынмен қамту сияқты өзекті мәселелер бар. Басты мақсат-халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сайлау-2021

0
1
1325

«Есіктен есікке» акциясы

Биылғы үгіт-насихат жұмыстары сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жүзеге асуда.

Осы мақсатта ұйымдастырылған «Есіктен есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат дептутаттығына үміткер Наурызбек Серікұлы Мағдатов және "JasOtan" жастар қанатының белсенділері үйме-үй аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

0
0
196

"Есіктен-есікке" акциясы

"Есіктен-есікке" акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түпқараған сайлауалды штабының басшысы С.Жолдасова және мүшелері бүгін Ақшұқыр ауылының 2 және 5 кварталында болды.

Штаб басшысы С.Жолдасова штаб құрамымен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.

Ақшұқыр ауылының тұрғындары тарапынан сайлау туралы сұрақтар келіп түсті. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.

0
0
134

Қуанышқали Жеткізгенов - 1949 жылы 19 қазанда Форт-Шевченко қаласында дүниеге келді.

1956-1966 жылдары С.М.Киров атындағы орта мектебін бітірді. 1979-1981 жылдары Қарағанды қаласындағы дене шынықтыру және спорт техникумында білім алды.

Қуанышқали Жеткізгенов еңбек жолын 1973 жылы Форт-Шевченко қалалық БЖСМ-де жаттықтырушысы қызметінен бастаған. 1998-2000 жылдары аудандық білім бөлімінде әдіскер, 2000-2004 жылдары Түпқараған аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2006 жылдары аудан әкімшілігі жанындағы жаңадан құрылған спорт бөлімін басқарды. 2007-2019 жылдары аталған спорт мектебінде директордың оқу жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Еңбек жолында спорттан қол үзбей баскетболдан аудандық құрама командасының капитаны, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисінен әлденеше рет облыстық жарыстардың жеңімпазы атанды. Ауданымызда бұқаралық спортты дамыту бағытында халықтың кең көлемде спортпен шұғылдануына өз үлесін қосып ұйымдастырушы болды. Ардагер спортшыларымыздың бірегейі - Қуанышқали Жеткізгенов еңбек жолында ҚР Президентінің, ҚР мәдениет және спорт минстрінің және облыс, аудан әкімдерінің, басқарма басшысының Құрмет, алғыс хаттарымен марапатталған. ҚР дене шынықтыру мен спортты дамытуда сіңірген еңбегі үшін төсбелгісі иегері. Спорт ардагерінің жеңістерін насихаттап, жастарға өнеге қылу, бүгінгі ізбасарларына үлгі болары сөзсіз. Одан бөлек, 2019 жылы "Ауыл еңбегі үшін" медалімен марапатталды. 2020 жылдың 28 қыркүйегінен бастап Форт-Шевченко қалалық ардагерлер ұйымының төрағасы.

0
0
211

“Nur Otan” партиясының белсенді мүшесі, ардагер мұнайшы Өтебаев Майлыбайдың өмір жолы

Өтебаев Майлыбай 1954 жылы ақпан айының 27 жұлдызында Түркменстан республикасында Көнеүргеніш ауданында дүниеге келді.

Әкесі- Өтебай Наятұлы  үзак  жылдар  бойы  ұстаз болған,  ата жүртқа  келгесін Өзен мұнай базасында, Қазақ газ өңдеу зауытында жауапты қызметте болды. Анасы - Мамық Тоқтабайқызы тігінші, он бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана.

1970ж В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының ( қазіргі Қ.И.Сәтпаев атындағы Қазақ  ұлттық техникалық университет) мұнай факультетіне қабылданып, «мұнай және газ скважиналарын бұрғылау» мамандығы бойынша 1975 жылы бітіріп шықты.

Өзінің еңбек жолын 1975 жылы «Маңғышлақнефть»  өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі қызметінен бастаған.

1976-1984жж - «Маңғышлақнефть»  өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында аға технолог  ЦИТС, РИТС ауысым бастығы, 1984-1989жж - «Маңғышлақнефть»  өндірістік бірлестігінің Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында РИТС бастығының орынбасары, РИТС бастығы, 1989-1990жж - Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасында МТЖБ (материалдық техникалық жабдықтау бөлімі) бастығы, 1990-1995жж - Өзен Бұрғылау Жұмыстары басқармасының басшысының орынбасары,

1995-1997жж – «Өзенмұнайгаз»  өндірістік  бірлестігінің  УПТОиКО директорының бірінші орынбасары,

1997-2000жж – Ақтау қаласында «Экономикс» ЖШС директорының орынбасары,

2000-2011жж – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру » АҚ «КРУЗ» ЖШС атқарушы директоры, техникалық директоры,

2011-2014жж - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру » АҚ «КРУЗ» ЖШС бас маман лауазымында  қызмет   атқарды.

2014-2017 жж. «КРУЗ», «ӨзенМұнайСервис» ЖШС еңбекті қорғау, техника қауіпсіздік бөлімінің бастығы қызметін атқарып, 2017 жылдың  маусым  айынан  зейнетке  шықты.

2006 жылы Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ің аспирантурасының сыртқы бөліміне түсіп, 2010 жылы «Пайдалану мұнай ұңғымаларын қалпына келтіру мақсатында гидросоққылама бұрғылауға арналған техникалық құралдарды жобалау» темасы бойынша кандидаттық диссертацияны қорғады, 2006-2009 оқу жылдары «Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау» мамандығы бойынша Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-де,   ал 2010-2013жж «Каспий Қоғамдық Университетінде» мемлекеттік  емтиханды  және дипломдық  жобаларды  қорғауды қабылдау «Мемлекеттік аттестациялық комиссияның» төрағасы  болды.

2012 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық ғылым және өнер академиясында​докторлык диссертациясын қорғады.

​​28 ғылыми еңбектің, ҚР 5 инновациялық патенттің және жоғарғы оқу орындарына  арналған ана тіліндегі «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау» , «Күрделі жағдайларда ұңғыларды бұрғылау және апаттық құралдар» және «Гравийные фильтры буровых скважин на жидкие и газообразные полезные ископаемые»  оқулықтардың авторы.

​​Республикалық Алматы, Ақтөбе, Актау, Өскемен және халықаралық София, Прага, Москва, Санкт-Петербург,  Ош, Киев, Донецк , Алвена қалаларында өткен ғылыми- конференцияларға қатысты. Өндірістегі табыстары  бағаланып «Өзен кенорнына 40-жыл», «Маңғыстау мұнайына 50-жыл», «Маңғыстау облысына 40-жыл», «Айрықша еңбегі үшін», Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ «Үздік түлегі», «Бекет Ата 250-жылдығы», « ӨзенМұнайГаз » АҚ-ның 50 және 55 жыл, «Қазақ хандығына 550 жыл»,  «Скважиналарды  қүрделі  жөндеуғе  45 жыл» , «Жаңаөзен қаласына 50 жыл» мерекелік медалдарымен, Ресей Федерациясының «Ғылымға сіңірген еңбегі үшін» В.И.Вернадский орденімен, ҚР Энергетика Министрлігі «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін»,  «Қазақстан  мұнайына  120 жыл» медалі,  ҚР Кәсіподақтар  федерациясының  «Кәсіподақ ардагері»  төсбелгісімен, Маңғыстау облысының әкімінің, Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтің Алғыс хаты және «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру АҚ-ның, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» -ның Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Өтебаев Майлыбай Техника ғылымдарының докторы. Ресей Федерациясы халықаралық   экология және тіршілік қауіпсіздігі ғылым академиясының  академигі. Жаңаөзен қаласының Құрметті азаматының иегері.

0
0
288