"Есіктен-есікке" акциясы
"Есіктен-есікке" акциясы аясында «Nur Otan» партиясының Түпқараған сайлауалды штабының басшысы С.Жолдасова және мүшелері бүгін Ақшұқыр ауылының 2 және 5 кварталында болды.
Штаб басшысы С.Жолдасова штаб құрамымен бірге үй-үйді аралап, партияның Сайлауалды бағдарламасын түсіндірдіру жұмыстарын жүргізді. «Қазақстанның басты 7 жетістігі» мен «Nur Otan-ға дауыс бер», «Жаңа жетістіктерге бірге жетеміз!» атты үнпарақтар үлестірді. Сонымен қатар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдады.
Ақшұқыр ауылының тұрғындары тарапынан сайлау туралы сұрақтар келіп түсті. Бұл іс-шара ел халқын партияның елімізді өркендету жолында жоспарлаған жұмыстарымен таныстырып, толық ақпараттандырады.
