"Jas Otan" ЖҚ ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге дайын.


Бейнеу ауданының ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап, аудан орталығындағы тұрғындар көп шоғырланатын орындарға ақпараттық парақшаларын ілді.



16 желтоқсан-Тәуелсіздік күні қарсаңында "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық филиалының мәжіліс залында партияға қабылдау шарасы өтті.
"Nur Otan" партиясы Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Килишаев Бекберген 16 желтоқсан-Тәуелсіздік күнімен шараға қатысушыларды құттықтай отырып, партияға қабылдау билеттерін табыстады.


Ауданымыздың ерікті жастары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын бастап, тұрғын үйлерге "Есіктен есікке" акциясын өткізді.



«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша Маңғыстау аудандық сайлауалды штабы мүшесі Бабышев Құрманғали Мұстахиұлы Қызан ауылында болды.
Акция барысында ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, партияның жетістіктері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.



Бүгін, ағымдағы жылдың 17 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткерлер – С.В. Имашева мен А.М. Жамалов Теректі ауданы тұрғындарымен «Диана» дүкенінде экспромт-кездесу өткізді.Тұрғындарды алдымен сайлауалды бағдарламаларымен таныстырған кандидаттар, кейін кездесуге келген тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, көкейкесті сұрақтарына жауап берді.Кездесу барысында келіп түскен ұсыныс-талаптар алдағы уақытта тереңдетілген түрде қарастырылып, шешу жолдарын табуға кандидаттардың бақылауына алынды.Еркін түрде өткен кездесу жылы лебіздермен қорытындыланып, алдағы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырумен аяқталды.#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqoқиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!преодолев испытания, победим…
Кандидаттардың сенімді өкілдерінің Маңғыстау аудандық ауылшаруашылық бөлімі мамандарымен және ауыл шаруашылық саласындағы жетекшілердің қатысуымен Zoom платформасында жиын өтті.
Жиында бөлім басшысы Орынғали Сырымұлы ауылшаруашылық бағытында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Сонымен қатар, аудандық сайлауалды штабының басшысы О.Морханов алда келе жатырған сайлау науқанына белсенділікпен қатысуға шақырды.
Онды ауылдық мәдениет үйінде аудандық, облыстық мәслихат депутатына кандидаттардың ауыл тұрғындарымен кездесуі өтті.
Кездесуге Ж.Ешманов,Г.Серікова, Л.Тындырғанова, Е.Ещанов және Ж.Мұратбеков қатысты. Кездесуде кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасымен, алдағы нақты жоспарларымен бөлісе отырып, ауыл үшін жасалатын игілікті жұмыстар жөнінде баяндады. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, пайымды пікірлерін ортаға салды.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалы аудан көлеміндегі азық-түлік орындарына рейд жүргізді.

