Мазмұнға өту

Жаңа

Шымкент: Үміткерлер"Бадам 2" тұрғындарымен кездесті

Аймақ басшысы С.Ибишевтың айтуынша қазіргі таңда бұл аймақта 354 үй, 2000-ға жуық тұрғын бар. Осындағы халықтың сөзінше өңір меценаттарының және тұрғындардың қолға алуымен жаңа көпір бой көтеріпті. Кездесу барысында жергілікті жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды. Өз кезегінде, елді мекен тұрғындары өздерінің көкейде жүрген сауалдарын да жолдады. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: ғаламтор жүйесінің жеткіліксіздігі, ауыз су тапшылығы, көпірді жаңарту, ішкі жолдарды реттеу, салық және несие мәселелері төңірегінде болды. Айтылған мәселелердің барлығы тізімге алынып, алдағы уақытта шешімін табатыны жеткізілді.

«Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оплачено из средств Избирательного фонда Шымкента партии «Nur Otan»

0
0
153

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Есімхан Қалмаханұлы Бертаев тікелей эфир жүргізді.

Оған қала тұрғындары мен қоғам белсенділері қатысты.  Кандидат эфир барысында қалалық Сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары мен партияның алға қойған жоспарлары жайлы жеткізіп,  сұрақтарға жауап берді.

0
0
314

Үміткерлер Құрманғазылықтармен жүздесті

Ауданымызда ауыл шаруашлығының негізгі саласы мал шаруашылығы болып табылады. Мүйізді ірі қара 67675, қой мен ешкі 20618. жылқы 26250, түйе 5091, құс 6579 басқа жеткізілді. Ауылшаруашылық жануарларын бағып өсірумен айналысатын өндірістік кооперативтер, шаруа қожалықтар, жеке мал иелерінің өз қажеттілігіне байланысты жаратуда. Биылғы жылы 931 гектар жерге егін егілді. Егін науқанына 280-300 шамасында адам, 20-25 әртүрлі ауылшаруашылық техникалары қатысты. Картоптан 480га, көкөністен 221 га, бақшадан 79 га егін жиналды. Аудан көлемінде балық шаруашылығын дамыту бағдарламасына сәйкес қызмет атқаратын "Каспий-балық", "Каспий таңы" ӨК, "Ш.Сүлейменов" ЖШС, "Е.Сәрсенбаев" ЖК бар, бұл шаруашылықтардан басқа Атырау қаласындағы "Амангелді", "Тілекші" ЖШС-нің бөлімшелері аудан аумағында балық шаруашылығымен айналысады. Аудандағы табиғат пайдаланушылар 2020 жылғы балық аулау науқаны басталғаннан бері 2476 тонна су маржандарын аулап, бөлінген 2537 тонна лимиттің 98 пайызын орындады.

Nur Otan" партиясы ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасын тұрақтандыру, аудан орталығынан халықтың және шаруа қожалықтардың өнімдерін өткізуге арналған сервистік дайындау - өткізу орталықтарын ашу, ұйымдастырылған шаруашлықтардағы ірі қара малдың үлесін 38%-дан 38,5%-ға дейін арттыру, асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының санын 4-тен 6-ға дейін көбейту, мал азығы дақылдары егілетін алқапты 190 гектарға дейін арттыру балық өнімдерін экспортқа шығару көлемін 42 %-дан 50%-ға дейін ұлғайту, т.б. міндеттерін алға қояды. Сонымен қатар, 2021-2025 жылдары келесідей үш жобаны жүзеге асырғалы отыр. Оның ішіінде:

  1. 2022 жылы - Бірлік ауылында заманауи технологиялармен жабдықталған балық өңдеу цехын ашу;
  2. 2025 жылы Алға ауылында 1000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын және Шортанбай ауылында Қиғаш өзені саласынан балық шабағын өсіру үшін тоған шаруашылығын салу - дей келе, Болат Теміржанұлы биылғы жылы аудан шаруагерлері малды асылдандыруға, ірі сабақты мал азығын дайындауға қатысты Үкіметтен бөлінген субсидияларға қол жеткізгенін атап өтті. Мал иелері мен бақташыларға алдағы уақытта қарастырылатын жеңілдіктерді де назардан тыс қалдырмады. Үміткер, аудандық фермерлер одағының төрағасы Есболат Құбашев аудан бойынша 670 фермерлік қожалық тіркелгенін, осы шаруагерлердің толғандырған мәселелерін жоғары жаққа жеткізуге дәнекер болып жүргенін алға тартты. Партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі басымдықтарын таныстырып, "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
0
0
191

Бүгін Шымкент қалалық маслихат депутаттығына үміткерлер Еңбекші ауданы сайлаушыларымен кездесті.

Жалпы алдағы сайлау елді саяси өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Өйткені халық биік мінберден елдің үнін жеткізетін, мұң-мұқтажын жоқтайтын өзінің депутатына оның артында тұрған партияға жақтап дауыс береді. Сондықтан мемлекеттің келешегіне немқұрайлы қарамайтын ұлт ретінде өзімізді танысақ алдағы саяси доданың маңыздылығын сезініп, сайлауға түгел қатысуымыз керек.

Сайлауалды үгіт-насихат бағдарламасы бойынша халықпен кездесулер 2021 жылдың 10 қаңтарына дейін жалғаспақ.

«Nur Otan» партиясы Шымкент  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Оплачено из средств Избирательного фонда Шымкента партии «Nur Otan»

0
0
273

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Ерейментау аудандық партия филиалы төр ағасының бірінші орынбасары қала тұрғындарының мәселелері бойынша азаматтармен кездесті. Кездесу барысында қала ішіндегі Жантай батыр мен А.Әлжанов көшелері қиылысындағы жаңа тұрғын үй участкісі инженерлік комунникациялық инфақұрылымның нысаны бойынша мәселе қозғалды. «Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы - Аманбек Б. ұсынған ақпараты бойынша кәзіргі уақытта құжаттарды рәсімдеу жұмыстары аяқталды. Инженерлік  комунникациялық инфақұрылымның нысаны іске қосылуға даяр.Ендігі жұмыс  АРЭК қызметкерлерінің  КИН іске қосуы партия филиалының бақылауында..

0
0
139

«Кедергісіз келешек»

«Кедергісіз келешек» атты партиялық жоба аясында  мүмкіндігі ерекше жандарды жұмыспен қамтамасыздандыру  қоғамдағы ең басты мақсат болып табылады.Ерейментау аудандық жұмыспен қамту орталығының ақпараты бойынша:жалпы  897 адам жұмыспен қамтамасыздандырылған,соның ішінде мүмкіндігі ерекше жанадардың саны-33,қоғамдық жұмысқа-237 адам, жастар практикасы бойынша -27 адам орналастырылған.Шағын кәсіпкерлікке 93-микрокредит,25-грант бөлінген.Бүгінгі күні Ерейментау ауданы бойынша  мүмкіндігі ерекше жандар үшін барлық жағдайлар жасалған.Тұрақты түрде "Nur Otan"партиясының аудандық филалы тарапынан мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесулер өткіліп тұрады.

0
0
132

Партияға сенім білдірді

«Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа кандидат  Мереке Құмаров, аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткерлер Теңел Исмағұлов, Арайлым Қаржауова, Қанат Ғұмаров Ақкөл ауылдық округінде болып, сайлаушылармен кездесті.

Кездесуді аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер Теңел Исмағұлов ашып, қатысушыларды таныстырып, келген мақсаттарын айтып, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Аудандық мәслихаттың депутаттығынан үміткер Арайлым Қаржауова партияның Құрманғазы ауданы бойынша бағдарламасына кеңірек тоқталып, оның басты бағыттарынан құлағдар етті. Қалған екі қатысушы, облыстық және аудандық мәслихаттардың депутаттығынан үміткерлер Мереке Құмаров пен Қанат Ғұмаров та партияның сайлауалды бағдарламасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталғанын, алға қойылып отырған межелердің ел үшін берер игілігі мол екенін баяндап, «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, жарқын болашағымыз үшін таңдау жасаңыздар деген ізгі ниеттерін жеткізді.

0
0
153