Шымкент: Үміткерлер"Бадам 2" тұрғындарымен кездесті
Аймақ басшысы С.Ибишевтың айтуынша қазіргі таңда бұл аймақта 354 үй, 2000-ға жуық тұрғын бар. Осындағы халықтың сөзінше өңір меценаттарының және тұрғындардың қолға алуымен жаңа көпір бой көтеріпті. Кездесу барысында жергілікті жұртқа «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, алдағы бес жылдық жұмыс жоспары баяндалды. Өз кезегінде, елді мекен тұрғындары өздерінің көкейде жүрген сауалдарын да жолдады. Сұрақтар мен мәселелердің басым бөлігі: ғаламтор жүйесінің жеткіліксіздігі, ауыз су тапшылығы, көпірді жаңарту, ішкі жолдарды реттеу, салық және несие мәселелері төңірегінде болды. Айтылған мәселелердің барлығы тізімге алынып, алдағы уақытта шешімін табатыны жеткізілді.
«Nur Otan» партиясы Шымкент қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.
Оплачено из средств Избирательного фонда Шымкента партии «Nur Otan»
