Жаңа
Жеңімпаз бол!
"Zoom" платформасы арқылы онлайн кездесу
Бүгін Арыс қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Н.Адамбеков Монтайтас елді мекенінің тұрғындарымен "Zoom" платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.
Кездесу барысында тұрғындарға партияның Сайлауалды бағдарламасында көзделген алдағы бес жылда атқаратын жұмыстары туралы жоспарымен таныстырды.
Көпшілікке «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды
17 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясынан облыстық мәслихатқа үміткер Е.Елеусізов, Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері және олардың сенімді өкілдері Жоғары Егінсу, Жаңа Тілек ауылдық округтерінде болып, тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесуге жергілікті жұртшылық, кәсіпкерлер, жастар мен қоғам белсенділері қатысты. Жиын барысында Е.Елеусізов көпшілікке өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ұсыныстар мен пікірлерді тыңдады. Сонымен қатар штаб мүшелері әрбір қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп, айтылған мәселелерді түртіп алды.«Халықты толғандырған әр мәселе назардан тыс қалмайды. Партиямыздың басты бағыттарының бірі – ел азаматтарының әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік осал топтағы жандарға көмек көрсету», - деді Е.Елеусізов.Тұрғындар өз кезегінде үгіт-насихат жұмыстарын ж…
"Бейбіт күніміз баянды болғай! "
"Жақсы сөз - жарым ырыс"
"Жақсы сөз - жарым ырыс" дейді қазақ. Сондықтан, айтса, тек жақсысын айтып, жаманын жасырып отырған. Не көрсе де жақсылыққа жорып, ертеңгі күні бүгінінен жарқын боларына кәміл сенген. Біздер де осы сөз құдыретіне иланып, қазақтың "Атаңнан бота қалғанша, бата қалсын" деген мақалын басшылыққа алып, қазыналы түбектің қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосқан азамат, ардагер мұнайшы Өрен Сағындықұлының шаңырағына келіп түстік.Өрен Сағындықұлы қатардағы қарапайым мұнай өндіру операторынан бастап, мұнай-газ өндіру басқармасы бастығына дейінгі кәсіби жолды өз білігі мен шеберлігінің арқасында жүріп өткен маман. Қызметінің қызу шағы кешегі 90-жылдардың тоқырау шағымен тұспа-тұс келді. Қиыннан қиыстырып, өндірістің тасын өрге домалата білген азамат еңбегі еленіп, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатта…
Жас келсе - іске!
Сетаев Иззат Жаңбырбайұлы-партия мүшесі, Ерейментау ауданының Ұлттық сараптама орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер. Иззат Жаңбырбайұлы-жас болғанымен, нақты аргументтер келтіре алатын, аудан тұрғындарының жағдайын жақсартуға дайын азамат.
"Nur Otan" партиясы жаңа бастамалармен, жастарды қолдауға дайын екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Иззат Жаңбырбайұлы бүгін Тайбай ауылдық округі бойынша тұрғындармен кездесті. Ауыл тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету-партияның мақсатты факторларының бірі екендігін айтты. "Nur Otan" партиясының алға қойған мақсаттарын айқындай түсті. Алдағы сайлауда партияға қолдау көрсетуге шақырды.
Сенім, мақсат, нақты қадам-"Nur Otan" партиясының негізгі приципі. Елбасымыздың салып өткен сара жолын, бірге жалғастырайық!
Тобықты - Арғынның бір бұтағы
Жалғасы. Басы: "Найман & Арғын. Аралас тарих": https://yvision.kz/post/888335XIII ғасырда Ұлы Қаһан Шыңғысхан киіз туырлықтының бәрінің басын біріктірем, Мәңгілік Түрік Елің жаңғыртам деп, қазіргі заманауи тілмен жеткізгенде далалық террорды, тайпа аралық соғыстарды тоқтату, сепаратизмды, трайбализмді жою мақсатында байырғы түркі тайпаларын көжедей араластырып біріңғай «мұғұл (маңғұл)» полиэтникалық қауымын құрмақшы болды. Аламан әскер халқын түмен, мыңдық, жүздіктерге бөліп, бір ұлыстың көсемін екіншіге басшы қойды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін тайпалық сана қайта күшейді...Қазақ «Арғын» қауымы (тайпасы) сол кезде, XV ғасырдың ортасында қалыптаса бастаса керек. Мәшһұр Жүсіп «Біздің Арғынның ар жақ, бер жағында Қидан (Қодан, Қотан) Тайшы(дан) (басқа) ешкім аталған жоқ. Дайырқожаның әкесі…
Халықтың 99%-і жоғары жылдамдықты Интернетке қол жеткізеді.
Бүгінде азаматтарымыздың 40%-тен астамы ауылда тұрады. Олардың еңбегінің арқасында Қазақстан қазіргі таңда өзін азық-түліктің негізгі түрлерімен қамтамасыз етуде және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып отыр.Біз ауылдың әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасаймыз.Ол үшін келесі шаралар іске асырылады:Стратегиялық инвесторлардың қатысуымен 350 мың фермерлік және үй шаруашылықтарын қатыстыра отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, астық, майлы дақылдар, жемістер, көкөністер және қант) өндіру және қайта өңдеу бойынша 7 ірі экожүйе құрылады.Жалпы АӨК-те 380 инвестициялық жоба іске асырылады.Біз ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға тартудың жаңа формаларын әзірлейміз, жалпы алаңын 2,2 млн. гектарға дейін жеткізе отыры…
Ұлтқа қызмет ету - мінезден
Депутат-халық жанашыры. Үкімет пен қоғамның көпірі. Көп сөзділікке жол бермей нақты жұмыстар атқару кез-келген халық жанашырының міндеті. Дүйім жұртқа мәлім Ерейментау ақындар мен батырлар мекені. Өз жерінің нағыз патриоты, жүрегі елім деп соққан партияласымыз, "Nur Otan" партиясының мүшесі, "Хамзе" ШҚ басшысы, аудандық мәслихат депутаттылығына үміткер Биекенов Ержан Хамитұлы әрқашан әрбір ісіне тиянақтылықпен, жауапкершілікпен ең бірінші халық мүддесін қорғайтын-адал азамат. Дәл бүгінде Биекенов Ержан Хамитұлы тасада қалмай, халықпен бірге екендігін, "Nur Otan" партиясының кемел болашағына нық сеніммен қарауға болатындығын тұрғындар назарына жеткізді."Nur Otan" партиясы мақсаттары айқын партия. Елі үшін қызмет атқарғысы келетін әрбір азаматты қолдауға дайын партия. Әр тұрғынның өтініш, т…