Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan" партиясы - кәсіпкерлерді қолдайды!

Бүгін үгіт- насихат жұмыстарының легін Алиева Торғын Сатыбалдықызы жалғастырды.

Торғын Сатыбалдықызы-жеке кәсіпкер, белсенді партия мүшесі,аудандық мәслихат депутаттығына үміткер. Торғын Сатыбалдықызы әрбір кездесуге тиянақты, жауапкершілікпен қарайды. Торғын Сатыбалдықызы ең алдымен нәзік жанды, бірақ қайтпас қайсар мінезінің арқасында тұрғындардың мәселесіне тереңнен қарап, әрбір жағдайды оң нәтижемен шешуді көздейді. Торғын Сатыбалдықызы уақытының тапшы болғанына қарамастан, алдына келген әрбір азаматқа уақытын бөліп, көмекке зәру болған жандарға арнайы ат басын бұруға дайын жандардың бірі.

Пандемия кезіндегі халыққа демеу болып, аудандық ауруханаға қомақты көмек берген жандардың бірі.

Партия үшін - ұлт саулығы басты орында.

Кездесу аясында "Әйел заты бола тұра, депутаттылыққа ұсынылу сізге қиындық тудырмайды ма?" деген сауал қойылған болатын .

"Мен партия мүшесімін , менің міндетім халықпен бірге болу, отанымның игілігі үшін, күнделікті жұмыс атқарамын " - , деп жауап қатты.

"Мен,Торғын Сатыбалдықызы сіздерді "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамын! Бұл партия ел мүддесін жоғары қоятын партия!"

Осы тақырып бойынша

Nur Otan" партиясы - кәсіпкерлерді қолдайды! - Yvision.kz