«Nur Otan» партиясынан Қарағанды қалалық мәслихатына үміткерлер онлайн кездесуі өткізді
Бүгін Instagram және Facebook әлеуметтік желісі арқылы «Nur Otan» партиясынан Қарағанды қалалық мәслихатына үміткерлер онлайн кездесуі өткізді. Кездесу барысында қаланы дамыту үшін партия өз қызметін күшейтуді көздейтін жеті негізгі басымдықты атап өтілІп, азаматтардың сұрақтарына жауап берілді. «Жайлы қала» ұғымының мәні туралы сұрағына түсініктемелер берілді. «Nur Otan» партиясы жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саланы жаңғыртуға, сондай - ақ жұмыс орындарын құруға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Нұрлы Жер», бағдарламалары шеңберіндегі жобаларды іске асыруға жәрдемдесетін болады, - деп атап өтілді. Қаланың мәдени өмірі, атап айтқанда, жастар үшін, бірқатар сұрақтар қойылды. Партия алдында жастардың мәдени дамуы ерекше орын алатынын, жақын арада жаңа орта…
