Жеке кәсіпкерлермен кездесу.
2020 жылдың 20 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық филиалының конференц залында Приозерск қалалық маслихатына үміткерлер Попченко Светлана Борисовна мен Балтышев Ерик Таткенович кездесу өткізді.
📷Үміткерлер қала аумағындағы жеке кәсіпкерлермен кездесіп, “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттады.
📷Кездесу аясында “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризмнің дамуын қолдау, тұрғындардың табыс және өмір сүру деңгейін көтеру бойынша жоспар талқыланды.
📷Жеке кәсіпкерлер тарапынан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы желілерін жөндеу мен жолдардың сапасын одан әрі арттыру бойынша ұсыныстар айтылып, туризмді дамыту бойынша бірнеше жоспарлар талқыланды.
📷Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.
БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

