Мазмұнға өту

Жаңа

Бүгін Бәйдібек аудандық "Nur Otan" партиясы аудандық филиалында аудандық Сайлау штабы ашылуы өтті.

Бүгін Бәйдібек аудандық "Nur Otan" партиясы аудандық филиалында аудандық Сайлауалды штабының таңыстырылымы өтті. Онда "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық Сайлауалды штабының төрағасы Т.Қ. Дүйсенбеков үгіт-насихат науқанына дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

Жалпы жұмыс бекітілген желілік кесте бойынша жүргізіледі. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шаралардың көбі оңлайн форматта өтіп, ашық түрде өткізілетін кездесулерде барлық қауіпсіздік шаралар сақталатын болады.

Жиында партия ардагері, жазушы Б.Қалаубай және депутаттыққа үміткер Е.Мырзабеков сөз сөйледі.

0
0
186

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерінің үгіт-насихат жұмысы.

Еліміздегі саяси науқан аясында «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер  Ирина Унжакова мен Жанат Омарбекова Жарма ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келді. Олар әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті, партияның Жарма аудандық  филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдады. Жуықта ғана мұқтаж отбасыларына пайдалануға берілген аудан орталығындағы тұрғын-үй нысандарын аралап, баспаналы болған жандармен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер жиналғандарды ел Парламентінің төменгі палатасындағы заң шығару қызметі, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мен оның парламенттік фракциясының өткен кезеңдегі жұмысы туралы хабардар етті. Әрине, спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынып, оның негізгі тезистерін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Кездесулер барысында  үміткерлерге ауыл тұрғындары  негізінен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтарын жолдап, ойларын ортаға салды.

0
0
184

Туған ауылым " Ажы" ауылының тұрғындарымен "Есіктен есікке"

Бүгін  желі кестесі бойынша,  туған ауылым " Ажы"  ауылының тұрғындарымен  "Есіктен есікке"  акциясы аясында кездестім. Ауылдастарыма "Nur Otan"  партиясының сайлау алды  бағдарламасын айттым. Сегодня, согласно  сетевому графика, я встретился с жителями родного села «Ажы» в рамках  акции «От двери к двери». Я рассказал своим односельчанам о предвыборной  программе партии «Nur Оtan».

0
0
145

Мақаш ауылдық округі тұрғындарымен үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan " партиясының Құрманғазы аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер  үгіт насихат жұмыстарын Мақаш ауылдық округі тұрғындарына өткізді.

" Nur Otan "

"Nur Otan " ДАУЫСБЕР.

BIZBIRGEMIZ.

0
0
156

Газ мәселесі реттелді

Ұзын-сонар кезек жойылды. Жағдайдың реттелгеніне толық көз жеткізу мақсатында "Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы қала мен оған іргелес орналасқан елдімекендерді аралап, газ құю бекеттерін шолып шықты.

Облыста соңғы күндері орын алған жағдайға байланысты "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шұғыл түрде әрекет етті.  Жергілікті билік өкілдерімен, сонымен қатар Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастырдық. Жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берілді. Бүгін жағдай реттелгенін байқауға болады. Бақылауда ұстаймыз, - дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов

0
0
186