Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерінің үгіт-насихат жұмысы.
Еліміздегі саяси науқан аясында «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Ирина Унжакова мен Жанат Омарбекова Жарма ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келді. Олар әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті, партияның Жарма аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдады. Жуықта ғана мұқтаж отбасыларына пайдалануға берілген аудан орталығындағы тұрғын-үй нысандарын аралап, баспаналы болған жандармен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер жиналғандарды ел Парламентінің төменгі палатасындағы заң шығару қызметі, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мен оның парламенттік фракциясының өткен кезеңдегі жұмысы туралы хабардар етті. Әрине, спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынып, оның негізгі тезистерін жан-жақты түсіндіріп өтті.
Кездесулер барысында үміткерлерге ауыл тұрғындары негізінен, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік қызметкерлерді мемлекеттік қолдау мәселелеріне қатысты сұрақтарын жолдап, ойларын ортаға салды.
