Жаңа
Аудандық сайлауалды штабының тұсаукесері
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәжіліс залында сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті. Штаб төрағасы С.Байтенова штаб мүшелерімен алғашқы отырыс өткізіп, сайлау науқанын абыройлы өткізуге шақырды. Сонымен қатар алдағы жұмыс барысын талқылады. Өз кезегінде, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, барлық үгіт-насихат жұмыстары «жанды» және сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жасалуы тиіс. Партия кандидаттары 20/80 формуласын ұстанулары керек – «партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80%».
Бұл ретте біз барлығымыз заңнама талаптарын нақты ұстануға және осы кезеңде қандай да бір шағымдарға немесе заң бұзушылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерді болдырмау керек!
Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз.
Мәжіліс депутаттығына үміткерлер Ж. Ашимжан, М. Ахметов «Байсат» базарында экспромт-кездесу өткізді
Әлеуметтік – экономикалық әлеуетін дамыту тақырыбында онлайн кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары С.Байтенова кәсіпкерлермен ауданның әлеуметтік – экономикалық әлеуетін дамыту тақырыбында онлайн кездесу өткізді
«Әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзара іс-қимыл мәселелері»
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында – «Әлеуметтік мәселелерді шешудегі өзара іс-қимыл мәселелері» бойынша азаматтық сектор өкілдері мен жастардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Манар Советұлы мен Қанат Назарұлы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
"Nur Otan" партиясы аудандық мәслихатына үміткер Манар Советұлы мен Қанат Назарұлы Ойшілік ауылдық округіне барып, бастауыш партия ұйымы мүшелерімен және ауыл тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.
«Жетістік формуласы: Қазақстан экономикасының жаңа тұлғалары»
«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалында онлайн акция ұйымдастырылды. Тақырыбы: «Жетістік формуласы: Қазақстан экономикасының жаңа тұлғалары». Аталған тақырып аясында шағын және орта бизнес өкілдері жетістік нәтижелері туралы баяндады.
қоғамдық қабылдау
"Есіктен-есікке" акциясы
«Есіктен – Есікке» акциясы
Бүгін «Есіктен – Есікке» акциясы аясында маслихат депутаттығына үміткер Айгул Абдрашитқызы @aigul_botabekova сайлаушылармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының ерекшеліктерін атап өтіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды баяндады.
-------------------------------------------------
#NurOtan #NurOtanAlmaty #jenimpazbol