Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аудандық сайлауалды штабының тұсаукесері

«Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалының мәжіліс залында сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті. Штаб төрағасы С.Байтенова штаб мүшелерімен алғашқы отырыс өткізіп, сайлау науқанын абыройлы өткізуге шақырды. Сонымен қатар алдағы жұмыс барысын талқылады. Өз кезегінде, Партия Төрағасының Бірінші орынбасары атап өткендей, барлық үгіт-насихат жұмыстары «жанды» және сайлаушылармен адал және ашық диалог негізінде жасалуы тиіс. Партия кандидаттары 20/80 формуласын ұстанулары керек – «партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіруге 20% және сұрақтарға жауап беруге 80%».

Бұл ретте біз барлығымыз заңнама талаптарын нақты ұстануға және осы кезеңде қандай да бір шағымдарға немесе заң бұзушылықтарға жол бермеуге тиіспіз. Партияның имиджіне нұқсан келтіретін кез-келген қауіп-қатерді болдырмау керек!

Біздің барлығымыз Партиямыздың осы заманғы сын-қатерлерге батыл жауап беретін және қазақстандықтардың сеніміне лайық нақты істер партиясы екенін көрсетуге тиіспіз.

0
0
149

Осы тақырып бойынша

Аудандық сайлауалды штабының тұсаукесері - Yvision.kz