Мазмұнға өту

Жаңа

Сауда үйінде экспромт кездесумен жалғасты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездескен соң Родина ауылындағы «Наша Родина» сауда үйінде тұрғындармен экспромт кездесуін жалғастырды. Аталмыш сауда үйінде жергілікті агрофирманың сүт өнімдерімен, халық тұтынатын азық-түлік өнімдері саудаланады.

Павел Николаевич Безвербный дәл осы экспромт кездесу аясында ауыл халқымен жүзбе-жүз кездесіп, сауда үйінде тұтынушылардың толғандыратын көптеген сұрақтарына жауап берді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат П.Н. Безвербный өз кезегінде ауыл тұрғындарының ұсыныстарын тыңдап, оларды шешуге дайын екендігін жеткізе келе, әр сайлаушының дауысы маңызды, сайлаушылардың таңдауы – бүкіл елдің болашағын таңдау екендігін ескеріп өтті.

Кандидат «Nur Otan» партиясының еліміздің бүгінгі жеткен жетістіктерін жалғастыруға мүдделі саяси институт екенін айтып, тұрғындарды мазалаған мәселелері жөнінде сұрады. Сауда үйінде аяқ астынан жүздескен ауыл тұрғындары да осындай жаңа форматта ұйымдастырылған кездесуге риза болып, өз тараптарынан алғысын білдіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, өңірдегі оңды өзгерістермен, халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында атқарылар игі бастамаларды қолдайтындықтарын жеткізді. Сайлауға белсенді қатысуға сөз беріп, халық үшін қызмет ететін осындай азаматтарды таңдайтындықтарын айтты.

Бұдан бөлек кандидат сауда үйінің қызметкерлері, сатушыларымен әңгімелесіп, сайлауалды бағдарламамен таныстырып, қызметкерлердің әрқайсысының жеке мәселелерін тыңдады. Ондағы мақсаты – тұрғындардың назарына «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіру.

Тұрғындар әсіресе сайлауалды бағдарламаның 7 бағытында қарастырылған міндеттердің басымдылықтарына сенім білдіретіндіктерін жеткізді. Родина ауылдық округі халқы бағдарламада көрсетілген «Жайлы ауданның» өзін осы Родина ауылынан көріп отырғандықтарын да жасырмады. Олай дейтініміз, мұнда еңбек етемін деген жанға қолайлы жағдай жасалған. Ауылдың өзінде мәдениет үйі, полиция бөлімі, жабық хоккей корты, сән салоны, кiтапхана, мәдени және демалу саябағы, сүт зауыты сияқты нысандары, көшелердің барлығында бейнекамералар бар.

Ал өз кезегінде «Агрофирма «Родина» ЖШС» директоры Иван Адамович Сауэр осы ауылдың өркендеп-өсуіне бар күш-жігерін, білімін жұмсады. Бүгінде Родина ауылы өңірдегі үздік елдімекендердің қатарында өзге ауылдарға үлгі. Жұмыссыздық жоқ, әлеуметтік мәселелер шешілген. Барлық мекемелер үздіксіз қызмет көрсетуде. Серіктестік өнімдерін елорда тұрғындары табиғи таза, сапасы жоғары өнім ретінде тұтынып отыр.

Экспромт кездесуде кандидат П.Н. Безвербный әр ауданның әлеуеті мен проблемалық мәселелері сараланған «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында халықтың пікірі де кеңінен ескерілгенін айта кетті. Мысалы, аудан тұрғындарының алаңдатқан таза ауыз су, сапалы инфрақұрлым мен тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелерінің шешу жолдары қарастырылып отыр. Сонымен бірге, ауданның экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған нақты шаралар да жоспарланған. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының басты жетістіктері мен алдағы жетістікке жетелейтін жобалары, жүзеге асыруды көздейтін істері жазылған үгіт-насихат парақтары таратылды.

Толайым жетісітіктеге жетелейтін партияның алға қойған міндеті де халықтың әл-ауқатын жақсарту. Партияның сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлерге қолдау таныту шарасы негізгі басымдық ретінде қарастырылған. Бұл үшін партия 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында жобаларды субсидиялауды ұлғайту, төмен пайыздық несиелеу, грант бөлу, бизнес негіздеріне оқыту, базар салу, ауылшаруашылық жәрмеңкесін өткізетін нүктелерді көбейту, құс еті өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыру, жылыжай салу, бордақылау алаңдарын ашу, жергілікті азық-түлік өнімдерін дүкен сөрелерінде орын алуына ықпал етеді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясындағы экспромт кездесу соңында барлық мәселелер басты назарда болатындығын ескеріп, «Сіз біз болып қиындықты еңсере отырып, жеңіске бірге жетейік!»- деді. Ауыл тұрғындары «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге ниет білдірді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3424&lang=kk

0
0
155

Атырау облыстық маслихатының депутаттығына кандидат Ә.Семғалиев Канвассинг өткізді

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Атырау облыстық маслихатының депутаттығына кандидат Семғалиев Әлібек Аманжанұлы Исатай ауданының тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында сайлаушылармен кездесіп, "Nur Otan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қойылған сұрақтарына жауап берді.

Атырау облысындағы "Nur Otan" партиясының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Сайлау-2021

0
0
984

"Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен өткен келелі кездесу"

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақмола облысы, Целиноград ауданы Родина ауылында «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу ұйымдастырды.

«Родина» агрофирмасы көпсалалы ауыл шаруашылығы, мал және өсімдік шаруашылығымен айналысады. Аталмыш ауылдық округіне Родина, Садовая, Зеленый Гай ауылдары жатады. Ауыл тұрғындарының дерлігі жұмыспен қамтылған. Ең бастысы жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуда қолайлы жағдай жасалған. Ауылда жұмысқа тұрған мұғалім, дәрігер, учаскелік полицей және тағы басқа мамандық иелерін агрофирма баспанамен қамтамасыз етеді. «Родина» Агрофирмасының өнімдері өзінің жоғары сапалы өнімдерімен көпшілікке белгілі. Родина ауылы өңірдегі ауылшаруашылық бағытта дамыған жайлы ауыл. Ынтымағы жарасқан ауылдың тұрғындарының берекесі жарасымды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный «Агрофирма «Родина» ЖШС» ұжымымен кездесу барысында «Nur Otan» партиясының рөлі мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп, партияның сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырып, басты бағыттарына тоқталып өтті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный ауыл тұрғындарымен жүздесу барысында ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерімен, аманаттарымен танысты. Келелі кездесуде еңбек ұжымына үміткер сайлауалды бағдарламаның жеті бағытында көрсетілген алдағы оң шешімін табатын міндеттерімен, өңірде қолға алынатын жобалармен де таныстырып өтті. Кәсіпкерлік саласында тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта бизнес дағдарыс жағдайында айтарлықтай қолдау алғанын жеткізген кандидат Б.Н. Безвербный «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарында өңірдің саяси-экономикалық дамуы бойынша барлық сала қамтылғанын ерекше назар аудартты.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде несие беру тетіктерін жыл сайын пайдалану, оның ішінде жобаларды субсидиялау, жобаларға кепілдік беру және грант ұсыну, «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жыл сайын мемлекеттік грант, микрокредит бөлу, «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 13 жаңа бизнес – жобаны несилеу мақұлданғаны сынды маңызды бағыттар қарастырылғанын атап өтіп, кандидат тұрғындарды толғандырған сауалдарын тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный партия алдындағы міндеттердің бірі 5 мыңнан астам жұмыс орнын құру бойынша (жыл сайын орта есеппен 1100-ге жуық) және жалпы жұмыссыздық деңгейін 0,03% – ға дейін төмендету міндеті қойылғанын жеткізіп, аудандағы атқарылатын іргелі істерді тиек етті.

Атап айтқанда, Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары картобының көбірек өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді жақтап шығу, 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы) 35 мал шаруашылығы базасы салынады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесу. 5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы –«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр – «Грин Стар» ЖШС, Талапкер – «Табыс» ӨК) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын болады. Тұқым себу алаңын 2025 жылға қарай 3 репродукциядан төмен емес 90%-ға дейін ұлғайту көзделген. Минералды тыңайтқыштарды қолдану алаңын 2025 жылға қарай 91 мың гектарға дейін ұлғайту. Өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану алаңын 2025 жылға қарай 100% – ға дейін және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің жаңа объектілерін ашу үшін жағдай жасау қарастырылған.

Бұдан бөлек өңірде 2025 жылға дейін жеке инвестициялар есебінен 3 қайта өңдеу кәсіпорны ашылады, оның ішінде «Муртук» ЖШС ет өңдеу жартылай фабрикаттар шығару, 500 басқа арналған «Ен Дала» ЖШС сүт кешенін іске қосу, «Сивка Бурка» ШҚ ет және қымыз өңдеу, 2025 жылға дейін Айбарыс ШҚ бордақылау алаңының фермасын 2000 бастан 5000 басқа дейін кеңейту қолға алынатын болады.

Родина ауылдық округінде өткен үгіт-насихат кездесуінде тұрғындар өз кезегінде партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты қолдайтындықтарын бірауыздан құптады.

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Николаевич Безвербный 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3418&lang=kk

0
0
178

"Есіктен есікке" акциясы бүгін де өз жалғасын табуда.

" Есіктен есікке" акциясы бүгін де өз жалғасын табуда. Облыстық мəслихат депутаттығына кандидат Дүйсен Бықыбаев, Аралбек Қораласбаев, Сұлукуль Дәлібаева акция барысында сайлаушылар үйлерін аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кандидат сайлаушылар тарапынан қойылған əлеуметтік, экономикалық, өңірлерді дамыту мəселер төңірегіндегі сұрақтарға жауап қайыра келе, алдағы кезеңде бұл мəселелер басты назарда екендігіне тоқталып өтті.

0
0
126

Дубовка ауылында «Есіктен есікке» акциясы өтті

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Татьяна Титовская Дубовка ауылында «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Татьяна Владимировна партияның 2021-2025 жылдарға арналған Сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру бойынша қандай шаралар қарастырылғанын айтты: жолдарды, су бұру желілерін жөндеу, мектептерді жөндеу, кәсіпкерлікті қолдау және «қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде жобаларды іске асыру.

2022 жылы агроөнеркәсіптік кешен саласында жобалық қуаты жылына 100 тонна ет болатын Дубовка ауылында 1 мың басқа арналған бордақылау алаңын салу инвестициялық жобасын іске асыру жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамытуға жағдай жасау үшін 2021 жылы көпфункционалды спорт кортын орнату жоспарлануда.

Кандидат ауыл тұрғындарын 2021 жылғы 10 қаңтарда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Сынақтардан өтіп, бірге жеңеміз!

Кандидат в депутаты Абайского районного маслихата партии «Nur Otan» Татьяна Титовская провела акцию «От двери к двери» в с. Дубовка. Татьяна Владимировна рассказала, какие меры по повышению качества жизни жителей села предусмотрены в Предвыборной программе партии на 2021-2025 годы: ремонт дорог, сетей водоотведения, ремонт школ, поддержка предпринимательства и реализация проектов в рамках «экономики простых вещей».

В 2022 году планируется реализация инвестиционного проекта в сфере агропромышленного комплекса – строительство откормочной площадки на 1 тыс. голов в с. Дубовка с проектной мощностью 100 тонн мяса в год. Для создания условий для развития массового спорта в 2021 году планируется установка многофункционального спортивного корта.

Кандидат призвала жителей села голосовать за партию «Nur Otan» 10 января 2021 года.

Преодолев испытания, победим вместе!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
188