Мазмұнға өту

Жаңа

Партия ардагерлерімен сайлауалды бағдарламаны таныстыру.

Облыстық мəслихат депутаттығына кандидат М.Смайлов және аудандық маслихатқа кандидаттар С.Кулманов, Қ.Арыстанбеков, М.Айнакулов, М.Мейманханов үгіт насихат жұмысы партия ардагерлері кездесуімен жалғасын тапты. Кездесуде кандидат М.Смайлов партия ардагерлерімен сайлауалды бағдарламаны кеңінен талқылады. Көптеген мəселелерге тоқталып, өз ойларымен бөлісті. Партия ардагерлері де бағдарламаның халық игілігіне орай жасалғандығына тілге тиек етіп, орындалуына сенімдерін де білдірді. Халық ортасында беделді  партияның биік тұғырдан көрініп, жеңістеріне сəттілік тіледі.

0
0
116

Кандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербныйдың Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысы сапары өз жалғасын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.

Басты мақсат – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. Бұл кездесудің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру.

Осы орайда аудандағы ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болған кандидат П.Н. Безвербный сайлауалды бағдарламасының ауылды дамыту жолында бірқатар шаралар қарастырылғанын атап өтті.

Бала кезінен мүмкіндігі шектеулі 1 топтағы мүгедектер Асатрян Арам Варамовичпен Ковальчук Анастасия Андреевнаның және 2 топтағы мүгедек жан Хайбуллов Мансур Минзарифовичтің үйінде болып жүздесіп қайтты.

Канвассинг – кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктермен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өңірдегі игі шараларды да жеткізіп, оларды мазалайтын мәселелерін де түртіп алды.

Сайлауалды бағдарламаның бағыттары қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін, «Халық үніне құлақ асатын» Үкімет концепциясы негізінде қызмет атқаратыны жайлы айтылды. Кездесу аясында тұрғындар өз шаңырақтарында қонақта болғанына зор құрметке ие болғандарын да жасырмады. Әсіресе кандидатпен пікір алмасып, келелі әңгімелесудің сәтті болғанын жеткізіп, өз сұрақтарына тұщымды жауабын алды.

Кандидат Павел Николаевич өз тарапынан аудан тұрғындарына 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясынын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3439&lang=kk

0
0
181

Аягөз ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесу өтті

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидат, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы  Е.Юсупов Аягөз ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесіп, үгіт - насихат жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

44
0
233

Біз бірге өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгерте аламыз

Бүгін облыстық, аудандық мәслихаттар депутаттығына үміткерлер Заречный ауылдық округінің тұрғындарымен ZOOM алаңы арқылы онлайн-кездесу өткізді. Кездесу барысында үміткерлер білім беру, денсаулық сақтау, Спорт, Абаттандыру салаларындағы бірқатар маңызды мәселелерді қозғады.

«Nur Otan» партиясы алға қойған барлық міндеттер орындалады, бірақ әрбір тұрғыннан нақты қолдау қажет. Сондықтан ауыл тұрғындарын белсенді азаматтық ұстаным танытып, 2021 жылғы 10 қаңтардағы сайлауда дауыс беруге шақырамыз. Тек бірге ғана біз өмірімізді жақсы жаққа қарай өзгерте аламыз!, деп атап өтті кандидаттар. Сондай-ақ, партияның жобалары туралы және болашақта не істеу жоспарланғаны туралы айтылды.

Бүгінгі таңда өзекті міндеттердің бірі – қазақстандықтардың өмірін жақсарту және партия мүшелері бұл үшін бар күшін салады. Кездесуді қорытындылай келе, депутаттыққа кандидаттар «Nur Otan» партиясы адамдардың мәселелерін шешіп, әрбір отбасының бақытты болуы үшін барлығын жасайтынын тағы да атап өтті.

«Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://newsroom.kz/sailau1838042.html

0
0
153

Қарағанды қалалық мәслихатына партиясынан үміткерлер жеке парақшаларында тікелей эфирі өткізді

Қарағанды қалалық мәслихатына «Nur Otan» партиясынан үміткерлер Instagram және Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшаларында тікелей эфирі өткізді. Алғысөзде «Nur Otan» партиясы қызметінің негізгі бағыттары, қаламыздың, сондай-ақ жалпы облыстың бірегейлігі туралы айтылды. Кездесу барысында үміткерлерге «Nur Otan» партиясының қызметі мен негізгі мақсаттары туралы жалпы сұрақтар қойылды. Халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үздіксіз жақсарту үшін жағдай жасау басты мақсат болып табылатыны атап өтілді.

Қандай мәселелер ең өзекті және қалада тез арада шешуді талап етеді? Қалалық мәслихат депутаттығына сайланған кезде: "Жақын арада қандай іс-шаралар қолданылады?

- Партия бағдарламасында айтылғандай. Негізгі мақсат-қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. Бірінші кезекте, денсаулық сақтау жаңа объектілерін жақсарту және құру. Аса мұқтаждарға (аз қамтылған және көп балалы отбасыларға) көмек. Нақты шешімдер әзірленді, олар ұйымдастырылған іс-әрекеттердің арқасында іс жүзінде жүзеге асырылуы керек.

Сондай-ақ, тікелей эфир барысында қаланың экологиялық жағдайы туралы сұрақтар қойылды.

- Таза қоршаған орта-халықтың әл-ауқаты мен олардың денсаулығының маңызды көрсеткіші ретінде айтылып, бұл салада нақты қандай іс-шаралар жасалатыны айтылды.

Кездесу соңында ШОБ-ты ынталандыру және қолдау туралы мәселелер айтылды. Үміткерлер «Nur Otan» партиясы қаладағы қызмет көрсету саласын жақсартуға мүмкіндік беретін және тиісінше азаматтардың қаржылық жағдайына жағымды әсер ететін әрбір жаңа идеяны азаматтар үшін жақсы жағдай жасауды жалғастыратынын және жасайтыны айтылды.

0
0
162

Мәжіліс депутаттығына кандидат тікелей эфирге қатысты

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербный Целиноград ауданындағы үгіт-насихат жұмысы бірнеше бағытта ұйымдастырылып, Родина ауылдық округіндегі тұрғындармен кездесулерінен кейін әлеуметтік желі арқылы «Үміткерге сауал қой» атты тікелей эфирмен ұласты.

Осы орайда, «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желідегі тікелей эфирлері «Фейсбук», «Инстаграм» желісінде аудан тұрғындарымен онлаин форматта жүздесіп, сауалына жауабын берді. «Үміткерге сауал қойыңыз» тақырыппенен басталған «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып, кандидатқа өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Жалғасы сұрақ-жауап алмасу форматына жалғасып, тұрғындар тарапынан партияның сайлауалды бағдарламасындағы жұмыстар бойынша, оның ішінде тұрғын-үй коммуналды шаруашылық саласымен жол сапасын арттыру мәселелері жайында сауалдарын жеткізіп, үміткер тарапанына қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.
Сауалдар әр түрлі тақырыптар жайлы өрбіді.

Кандитат П.Н. Безвербный партия сайлауалды бағдарламасында қарастырылған негізгі 7 бағыттың басымдылықтары бойынша да атқарылатын іргелі істерге кеңінен тоқталды. Ең алдымен «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында Целиноград ауданы тұрғындарына қатысты маңызды бағыттарын атап өтіп, негізгі мақсат-міндеттеріне тоқталды. Білім саласындағы оңды өзгерістерді де тілге тиек етті. 2021 жылдан 2025 жылға дейін 1 сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен 100% қамту, педагогтердің 66,3% – ын аттестаттаудың жаңа жүйесімен қамту.

Денсаулық саласы бойынша 2025 жылға дейін 3 ауылда (Жарлыкөл, Жалғызқұдық және Нұресіл ауылдары) медициналық мекемелерді күрделі жөндеуден өткізуге қол жеткізілетіндігі жайлы ауылдарды электр энергиясымен қамту алдағы жылы Р. Қошқарбаев, Тайтөбе ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2022 жылы Қараөткел, Қаражар, Қосшы ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2023 жылы Қоянды, Шұбар ауылдарында электрмен жабдықтау желілерін салу, 2024 жылы Аққайың ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.

Тікелей эфир соңында әр қойылған сауалдар бойынша тиісінше «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қамтылғанын ескере келе, кандидат сауалдарды өз назарына алатындығын жеткізіп, 2021 жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.

https://koksheinform.kz/?p=3429&lang=kk

0
0
184