Теміржолшылар үміткерге тілектерін жеткізді
Кездесуге қатысқан сайлаушыларды алдағы өтілетін сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырған А.Самаликов партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Басты бағыттар мен басымдықтарға тоқталды. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы негізінен халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған. Алда тұрған негізгі мәселелердің межелі тұстан шығарына сенімді партия сайлаушылардың партияға дауыс беріп, жарқын болашағымыз үшін таңдау жасайтынына нық сенімді. -2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирус пандемиясы біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық – адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу…