Мазмұнға өту

Жаңа

Жеті бағыт жетістіктерге жетелейді

«Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшелері үгіт-насихат жұмыстарымен Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қосшы ауылына келді.«Nur Otan» партиясы ел аумағында үгіт-насихат жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Партия атынан сайланатын кандидаттар мен олардың сенімді өкілдері өңірде еңбек ұжымдарындағы сайлаушыларымен кездесуде. Осы орайда Целиноград ауданына «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабы мүшесі, Ақмола облысы көпсалалы аурухананың ТЖ бойынша басшысы Серік Әкпенұлы Аяғанов үгіт-насихат жұмысы аясында алғашқы кездесуін Қосшы ауылында аудан тұрғындарымен кездесуден бастады.Кездесу барысында Серік Әкпенұлы Аяғанов тұрғындарға үгіт-насихат жүргізіп, жетекші партияның алға қойған мақсаттары жайында айтып, сайлауалды бағдарламада көрсетілген 7 бағыттың шеңберінде…

0
0
183

«Nur Otan» - болашақ бағыты!

«Nur Otan» партиясы мүшесі, партия депуттаттығына үміткер “Ж.Тәшенов атындағы орта мектеп" КММ директоры Байдилдина Гулнар Мырзахметқызы Аршалы ауданының білім саласы қызметкерлерімен онлайн үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Гүлнар Мырзахметқызы «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып өтті. Осы уақытқа дейін жасалып жатқан игі істердің басында «Nur Otan» партиясы жүретіні баршаңызға белгілі. Еліміздің көркеюі жолында түрлі бағдарламаларды ұсынып, жүзеге асуын қадағалап отыр. Атап айтатын болсақ, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Дипломмен ауылға» «Болашақ» сияқты атаулы бағдарламалар. Осы бағдарламалар аясында атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Ауданымыздың білім, денсаулық, әлеуметтік, мәдениет сала қызметкерлері жас мамандармен жыл санап толығып отырғанын айтты…

0
0
124