Мазмұнға өту

Жаңа

Ляззат Серікбекқызы Жаңаауыл ауылдық округінің клуб үйіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихатына үміткер Ляззат Серікбекқызы Жаңаауыл ауылдық округінің клуб үйіне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті

1
0
163

Қоғамдық қабылдау.

Бүгін "Nur Otan" партиясының Приозерск қалалық филиалында  Приозерск қалалық маслихатының депутаттығына үміткер Попченко Светлана Борисовна қалалық сайлауалды штабында  қоғамдық қабылдау жүргізді.

➡️Қоғамдық қабылдауға қаламыздың 3 тұрғыны қатысты.

✉ Кездесу барысында қаламыздың әлеуметтік және экономикалық жағдайы бойынша мәселелер көтеріліп, тиісінше ақпарат берілді.

❗️Сонымен қатар, кездесу барысында «Nur Oran” партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес түсіндірме жұмыстары жүргізілді!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
146

Сайлаушылармен сайлауалды кездесуі.

2020 жылдың 21 желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Приозерск қалалық филиалының конференц залында Приозерск қалалық маслихатына үміткерлер Балтышев Ерик Таткенович пен Сатыбалдин Бахтияр Сакенович “ZOOM” платформасында кездесу өткізді.

🔹Үміткерлер қала аумағындағы мәдениет саласындағы қызметкерлермен кездесіп, “Nur Otan”  партиясының сайлауалды бағдарламасын насихаттады.

🔹Кездесу аясында “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес әлеуметтік бағдарланған қала, мәдениет саласын дамыту, жастарға арналған қала бойынша жоспар талқыланды.

❗️Баршаңызды “NUR OTAN» партиясына 10 қаңтар күні дауыс беруге шақырамыз.

БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz

0
0
259

Ляззат Серікбекқызы Жаңаауыл ауылдық округінде үйді- үйлерді аралап "Есіктен есікке"акциясын өткізді

"Nur Otan" партиясы  Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Ляззат Серікбекқызы Жаңаауыл ауылдық округінде үйді- үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып,  дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!

1
0
273

ПБК төрағасы Саран қаласы стадионының алдындағы орталық кортқа барып, бақылау жасады.

2020 жылы 21 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласы стадионының алдындағы орталық кортқа барып, осы кортқа құйылған мұзайдынның қазіргі жағдайына бақылау жасады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мұзайдынды қардан тазалап, бетін тегістеп, қайта құю қажет екендігі байқалды. Анықталған кемшіліктер бойынша стадион әкімшілігіне ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта жасалған сын-ескертулердің нәтижесі бақылауға алынатын болады.

0
0
170

Қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар спортшылардың пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді.

2020 жылы 21 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Саран қаласы спортшыларының пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, оларды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
167