ПБК төрағасы Саран қаласы стадионының алдындағы орталық кортқа барып, бақылау жасады.
2020 жылы 21 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласы стадионының алдындағы орталық кортқа барып, осы кортқа құйылған мұзайдынның қазіргі жағдайына бақылау жасады. Жүргізілген жұмыс нәтижесінде мұзайдынды қардан тазалап, бетін тегістеп, қайта құю қажет екендігі байқалды. Анықталған кемшіліктер бойынша стадион әкімшілігіне ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта жасалған сын-ескертулердің нәтижесі бақылауға алынатын болады.

