Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan" партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында Атырау тұрғындарымен кездесу өткіздім.

Бүгін «Nur Otan" партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдауында Атырау тұрғындарымен кездесу өткіздім. Оларға партияның сайлауалды бағдарламасы мен негізгі басымдықтарын егжей-тегжейлі түсіндірдім. Кездесу нәтижелі болды, халықтың мұңын естідім. Сайлаушылармен тікелей жүздесу арқылы ғана партияның мәртебесін көтеріп, халықтың сеніміне кіре алатынымыз түсінікті.

0
0
178

Барлық тиімсіз бағдарламалардан бас тартамыз – Nur Otan сайлауалды штабы Алматыға келді

Алматы қаласының сарапшылар қауымымен кездесуде азаматтар мен мемлекеттің арасындағы кері байланысты жолға қоюда азаматтық сектордың қатысуы мен рөлін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.«Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Б.Байбек.Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы азаматтар сауалдарының бірыңғай эле…

0
0
248

Су тасымалдау басқармасының ұжымымен кездесу өтті.

Кездесуде 2021 жылы қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттары сайлауы жөнінде және «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде жұмысшылар өздерінің көкейде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмаса келе алдағы өтетін сайлау науқанында партияның жеңіске жетуіне сәттілік тіледі.

0
0
139

Партиялық бақылау комиссиясы тексеріс жүргізді

Қазіргі таңда қаламыз көркейіп, дамып келеді. Қаламызда осындай шағын аудандарда жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Жоба және техникалық шешімге сәйкес барлық учаскелерде жарықтандыру бағаналары орнатылған. Ал, кейбіреулерінде жарықтандыру шамдарын жағу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жобаны қаржыландыруға 276,672 млн теңге бөлінген.

Жобаның уақытылы жүзеге асырылуы партиялық бақылау комиссиясы бақылауында болатындығы ескертілді.

0
0
143

Өңірде үгіт - насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Қалалық сайлауалды штаб басшысының орынбасары А.Нұртаев бастаған облыстық және қалалық мәслихатқа үміткер депутаттар М.Кульбеков, Б.Бердібайұлы, Ш.Акджигитов, Ж.Көптлеуов, И.Қаржаубайұлымен Қ.Елтизаров “Ақсарай” қонақ үйінде “Өзенэнергосервис” коммуналдық мекемесінің жұмысшыларымен кездесті.«Nur Otan» партиясы қаланы дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Бұл орайда ауданда ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыста…

0
0
179