Мазмұнға өту

Жаңа

Қоғамдық қабылдау

Бүгін, яғни 22.12 күні Индербор кенті, NurOtan ғимаратында қоғамдық қабфлдау өткіздім. Қабылдауыма 5 адам келіп, өз ұсыныстары мен пікірлерімен бөлісті... Гилманов Қайырлы Nur Otan Inder

0
0
146

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.


Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы –  тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

0
0
242

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады.


Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.

– Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.

0
0
169

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Юртанова Гагарина ауылының тұрғындарымен кездесу өткі

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Юртанова Гагарина ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Ауыл тұрғындарымен әңгімелескен депутаттыққа кандидат оларға үгіт материалдарын тапсырып, "Nur Otan"партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.

 Ирина Юртанова, кандидат в депутаты районного маслихата, провела экспромт-встречу с жителями села Гагарино.

Беседуя с жителями села, кандидат в депутаты вручила им агитационные материалы, призвала отдать свои голоса за партию «Nur Otan”.

0
0
228

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері көппәтерлі тұрғын үйлер мен дене шынықтыру-сауықтыру

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Жексембаева А.М мен Татищев Е.Т жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын бақылау мақсатында Ботақара кентіндегі көппәтерлі тұрғын үйлер мен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс объектілеріне барды.

Сондай-ақ, балалар ойын алаңдарын абаттандыру бойынша жұмыстар тексерілді.

Тексеру барысында ескертулерді жою бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, құрылыс объектілері қызметкерлері арасында санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуына мониторинг жүргізілді.

Члены Комиссии партийного контроля  А.М. Жексембаева и Е. Т. Татищев, с целью контроля качества производимых работ, посетили объекты строительства жилых многоквартирных домов и физкультурно-оздоровительного комплекса в посёлке Ботакара.

Так же были проверены работы по благоустройству детских игровых площадок.

В ходе проверки были даны рекомендации, по устранению замечаний. Так же был осуществлён мониторинг соблюдения санитарно-эпидемиологических норм среди работников строительных объектов.

0
0
164

Жаңаөзен қаласының "Nur Otan" партиясының САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫнда

✔ 2021-2022 жылдары Теңге, Қызылсай және Рахат ауылдарынан шығарылатын тұрмыстық қаты қалдықтарды орналастыратын типтік үлгідегі жаңа полигондардың құрылысын салу.

✔ 2021 жылы Жаңаөзен қаласы аумағындағы жалпы ауданы 37 га ескі полигонды қайта жаңарту (қалпына келтіру).

✔ 2021-2025 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды жинайтын контейнерлер сатып алу, орнату (5000 дана).

✔ 2021-2025 жылдары қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша арнайы техника сатып алу (7 бірлік).

Аталған шаралар қаланың тұрғындары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға мүмкіндік береді деп сенемн.

Қиындықты еңсеріп, женіске бірге жетеміз!

1
0
181

Аблай Қайратқалиұлы "Есіктен есікке" акциясының келесі тізбегін Қаражар ауылында жалғастырды.

Аудандық маслихат депутаттығына үміткер Аблай Қайратқалиұлы Сұлтанғали "Есіктен есікке"  акциясының келесі тізбегін Қаражар ауылында жалғастырды.

Қаражар ауылының тұрғындарына үгіт материалдарын таратып, алдағы 2021 жылдың 10 қаңтарында "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды!

Кандидат в депутаты районного маслихата Сұлтанғали Аблай Қайратқалиұлы  провел акцию «От двери к двери» в селе Каражар.

Жителям села Каражар агитационные материалы, и призвал отдать свои голоса на предстоящих 10 января 2021 года, за партию реальных дел, «Nur Otan”!

0
0
216

«Nur Otan» праймеризі гендерлік саясатқа жаңа леп алып келеді

Қазіргі таңда бізде әйел адамдар қоғамның барлық саласында қызмет етіп келеді. Еліміздегі әйелдердің саяси белсенділіктері өсіп жатыр. Әйелдер ерлермен бірге басшылық қызметтерді қатар атқарып жүр.  Әйелдердің саяси-әлеуметтік белсенділігі артып өз құқықтары үшін күресте жетістіктерге қол жеткізуде, дегенмен әлі де әйелдердің проблемалары өте көп. Олар бүгінгі таңда өздерінің мәселелерін қоғамда ашық айтып, оны шешуге дайын екендерін көрсетіп жүр.

«NurOtan» партиясының Лидері Н.А.Назарбаев праймериз өткізу туралы тапсырмасы, партия қатарын «қайта жандандырудың» маңызды бөлігі екені  әйелдердің көңілінен шығып, әйелдерге берілген 30% квотасын пайдалана отырып, «Nur Otan» партиясының әйел мүшелері, праймеризге аса үлкен белсенділікпен, жоғары жауапкершілікпен қатысты.

Осы праймериздің ең басты ерекшелігі біздің елімізде гендерлік саясаттың дамуына өзіндік үлес қоса алғанында деп есептеймін. Біздің саяси жүйеде алғаш рет өткізілген праймериз белсенділігі жоғары әйел адамдар үшін «әлеуметтік лифт» болып партия ішілік іріктеуден өтуге зор мүмкіндік жасап әйел құқықтарына басымдық берілді.

Праймериз мәслихат пен Мәжіліс депутаттарының қатарын сапалық жағынан өзгертіп, еліміздегі гендерлік саясатқа жаңа леп алып келеді деп үміттенеміз!

0
0
180