Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті.

Штаб құрамына қоғамдық пікір көшбасшылары, партия белсенділері мен партиялық тізімге енген кандидаттар қатарынан 400-ден астам адам кірді.

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының басшысы Бауыржан Байбек атап өткендей, 216 өңірлік сайлауалды штаб жұмысына еліміздің 7 мыңдай белгілі де беделді азаматтары жұмылдырылған. Бұлардың қатарында праймериз жеңімпаздары, қоғам қайраткерлері, қызметтегі депуттар және басқалар бар. Олардың әрқайсысына арнап жеке үгіт-насихат жоспары және сайлаушылармен кездесу кестесі әзірленген.

«Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев тапсырғандай, үгіт-насихат науқаны аясында біз сайлаушыларды 100% қамтуға тиіспіз. Бұл үшін барша партияластар, әсіресе, кандидаттар сайлау науқанына белсене атсалысуы керек. Пандемияны ескере отырып, қарқынды да нақты бағдарланған жұмыс жүргізу маңызды. Біз көп адам жинайтын ауқымды іс-шаралар емес, шағын жиындарға көшеміз. Нақты әлеуметтік топтар – зейнеткерлер, жұмысшылар, аграршылар, мұғалімдер және дәрігерлермен кездесеміз. Оларды толғандырған мәселелерді жан-жақты талқылап, сайлауалды бағдарламада көрсетілген мәселелердің нақты шешімін әрбір сайлаушыға қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізу қажет. Шалғай ауылдарға дейін бару керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыра отырып, біз көпшіліктің мәселесін тыңдап қана қоймай, оларды шешуіміз керек. Біз партия мен қоғам арасындағы кері байланысты нығайтып, азаматтардың талап-тілектерін жинауға тиіспіз. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы –  тұрғындармен тікелей және шынайы диалог орнатуға негізделеді», – деп атап көрсетті Бауыржан Байбек.

0
0
199

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясы республикалық сайлауалды штабының алғашқы отырысы өтті. - Yvision.kz