Мазмұнға өту

Жаңа

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

Алматын Туризм басқармасының мәліметінше, 2025 жылы қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша туристік саладағы негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 113,2 млрд теңгеге жетті. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 47,4% көп.

0
0
401

Алматының Наурызбай ауданында 2 емхана мен 3 ДШК салынып жатыр

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Назира Тоғызбаева ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қатысты 10 айдың қорытындысын жариялады. Әкімнің айтуынша, медицина мен әлеуметтік қолдау қаладағы ең жақсы дамып келе жатқан аудандағы басым бағыттың бірі болып қалған. Қазір ауданда 13 медициналық ұйым жұмыс істейді, онда шамамен 5 мың маман қызмет атқарады. Денсаулық сақтау мекемелеріне шамамен 190 мың тұрғын тіркелген. Осыған байланысты ауданда жаңа емханалар мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтары салынып жатыр.

0
0
264

Қарағандылық самбошылар әлем чемпионатында бір алтын мен үш қола жүлде жеңіп алды

Бішкекте ересектер арасындағы спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты өтті. Биылғы байрақты бәсекеде әлемнің 70 елінен 650-ге жуық спортшы бақ сынады. Қазақстан құрамасы сапында сынға түскен Қарағанды облысының бес спортшысы ел намысын абыроймен қорғап, бір алтын және үш қола медаль жеңіп алды.

0
0
2002

Қарағанды облысында жасанды интеллект түрлі салада қолданылуда

Қарағанды облысында жасанды интеллект технологиялары жолдардағы ақауларды анықтауға, көлік кептелісін азайтуға және қызмет көрсету саласында тиімділікті арттыруға көмектесуде. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

0
0
1367

Қарағанды облысының ауылдарында 92 медициналық нысан салынды

Қарағанды облысында денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ауылдық елді мекендерде 92 жаңа медициналық нысан пайдалануға берілді, олардың 51-і арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынған.

0
0
879

Кеңейтілген аппараттық отырыс өтті

Қала басшысы Әділет Қожанбаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өтті. Жиынға әкім орынбасарлары, бөлім басшылары, коммуналдық қызмет ұйымдарының өкілдері және инспекторлар қатысты.

0
0
181

Ақынның көркемдік әлемі

«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-нің Балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақ тілі және әдебиеті пәнінің ұстазы Сезімгүл Кабышевна Исинаның жетекшілігімен Семей жоғары көп салалы колледжі студенттері және Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия оқушыларының қатысуымен «Бір ел - бір кітап» акциясы аясында Жұмекен Нәжімеденовтің «Темірқазық» өлеңдер кітабы бойынша «Ақынның көркемдік әлемі» атты әдеби монтаж өткізілді.

0
0
193

Мемлекеттік бағдарламаларға өтінім беру аяқталды

Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналды инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «2-10-20» және «5-10-20» бағдарламалары жүзеге асырылуда. Таяуда оtbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында 2-10-20 және 5-10-20 бағдарламаларына өтінім беру аяқталды.

0
0
209