Мазмұнға өту

Жаңа

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Я. Абдолазисулы қала тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
107

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат қаланың кәсіпкер әйелдермен онлайн-кездесу өткізді.

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Өтеубаев Талғат Бабашұлы ZOOM платформасында Саран қаласының кәсіпкер әйелдермен онлайн-кездесу өткізді. Өтеубаев Талғат Бабашұлы әңгіме барысында партияның қалалық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындықтан, шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғауға ерекше назар аударды.

Кездесу соңында бизнес өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, сондай-ақ, оларды толғандырып жүрген өзекті мәселелерді анықтап, оларды шешуге атсалысатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
126

Онлайн қабылдау өтті

Қабылдауда "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы айтылды, бірнеше азамат сауал қойды. Олардың мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес түсініктеме жауап берілді

.Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМДЫҚТАРЫ1) Экономикалық тұрақты аудан;2) Ыңғайлы аудан;3) Әлеуметтік қызметке бағдарланған аудан;4) Жастарға арналған аудан;5) Мәдениеті мен тарихы бай аудан;6) Ашық және есеп беретін жергілікті органдар;7) Қауіпсіз аудан.Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы ауданды дамытудың 7 басым бағыттарының негізі етіп айқындалған. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау. Алдағы 5 жылда жүзеге асатын жоба-жоспарларды түсіндіру.

0
0
124

«Есіктен-есікке» акциясы жалғасуда.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер А.Балажанова қала тұрғындарымен кездесіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанға атсалысуға шақырды.

0
0
107

2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 11-00де «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалында кездесу

2020 жылдың 15 желтоқсан күні сағат 11-00де «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының сайлауалды штабында «Nur Otan» партиясынан ұсынылған аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар – Б.Ысқақ, Р.Катков, Г.Гейдаров, Н.Түймелиев аудандағы көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесу барысында Өтеген батыр ауылы тұрғыны, көп балалы ана Науанова Ақшолпан жалдамалы үйлерде тұратын көп балалы отбасыларға тіркеу жағынан көмек сұрады, себебі жәрдемақы алу үшін тіркеу талап етіледі. Ашыбұлақ ауылы тұрғыны, көп балалы ана Кабулова Камшат кезекпен үй алу мәселесін көтерді. Комсомол ауылынан келген көп балалы ана Қожахметова Нұрсұлу тұрғын үй салу үшін жер телімін алу тәртібін сұрады. Кездесу барысында көтерілген өзекті мәселелер бойынша заңнамалық кеңестер берілді және құзырлы органдарға сауал ж…

0
0
129

«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні»

«16 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні»мерекесіне орай «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалының мәжіліс залында партия қатарына салтанатты қабылдау шарасы өткізілді. Шара барысында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев «Мен партия қатарына қосыламын» атты челенджді қолдау аясында құттықтау сөз сөйлеп, Ел Тәуелсіздігінің құндылығы, жеткен жетістіктер жайлы тоқталып, сондай-ақ мемлекетіміздің даму жолындағы партияның жетекші ролі жайлы айтты. Шара соңында жаңа қабылданған партия мүшелеріне салтанатты түрде партия билеттерін тапсырды. Шарадан кейін жаңа қабылданған партия мүшелері естелік фотосуретке түсті.

0
0
141