Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сәуле Омаш «Бадам» ӨК-нің жұмысшыларымен кездесті.
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.
Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сәуле Омаш «Бадам» өндірістік кооперативінің жұмысшыларымен кездесті.
Кандидаттың айтуынша, Бадам ауылында 2021 жылы 200 орындық, 2022 жылы 300 орындық, 2023 жылы 600 орындық жаңа мектептердің құрылысы, 2022 жылы елді мекенде спорт кешені, 2021 жылы 250 орындық мәдениет үйі салынады. Сондай-ақ 2021-2025 жылдар аралығында аудан бюджеті есебінен 8 бейнебақылау камераларын орнату бағдарламаға енгізілген, оның ішінде Бадам ауыл округі де бар.
Кооператив жұмысшыларына ерікті жастар тарапынан үгіт-насихат үнқағаздары таратылды.
