Мамандар бағдарламаны жоғары бағалады
«Nur Otan» партиясының Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Нұрлан Түрғанбаев пен Жорабек Нұрымбетов үгіт-насихат жұмысы аясында «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде мекеме қызметкерлеріне үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасы туралы кеңірек айтса, қатысушылар әртүрлі мәселелерді қозғады.– «Қызылорда су жүйесі» МКК қаладағы стратегиялық маңызы бар мекеме санатында. Мұнда 700-ге тарта азамат қызмет етеді. Биыл салада ауқымды жұмыс атқарылды. Қаладағы су жүйесі мен кәріз жүйесінің 80 пайызы жаңарып, тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік алды. Барлық жұмыс үрдісі цифрландыру бағытында дамып, жұмыс күші азайған. Сондықтан, «Nur Otan» партиясының өкілі ретінде осындай іргелі мекеме мамандарының түрлі саладағы ой-пікірін,…