Мазмұнға өту

Жаңа

Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы волонтер жылын қайырымдылық шарамен қорытындылады

Жаңа жыл қарсаңында көп балалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына тәтті сыйлықтар таратып, оларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Шараға "Жас Отан" жастар қанатының төрағасы Нұрлығасыр Тайжанов өз үлесін қосты.

Сіздерді Жаңа 2021 жылмен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

#Жаңаөзенжастары

#Bizbirgemiz

0
0
113

Онлайн турнир өткізу қарастырылмақ

Ауданымызда шашка, шахмат ойыны өте жақсы дамыған. Аудандық жастар спорт клубының ұйымдастыруымен онлайн спорттық шаралар биыл ауданымызда жақсы деңгейде өтті. Енді алдағы уақытта спорттық шашка, шахмат ойындарынан онлайн турнир өткізу қарастырылмақ.

0
0
125

"Есiктен есiкке" акциясы аясында мүшəлсiз отбасылар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар

"Есiктен есiкке" акциясы аясында мүшəлсiз отбасылар балаларына жаңа жылдық сыйлықтар таратып жəне “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге шақырдық.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
185

Ауыл адамдарына үгіт жүргізді

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Алихан Декартұлы өзінің сенімді өкілімен Жаңақала ауылының тұрғындарымен жүздесті. Ауыл адамдарына партия өкілі ретінде үгіт-насихат жұмыстарын айтып, сайлауда "Nur Otan" партиясын таңдауға шақырды.

0
0
116

"Nur Otan"-ды қолдайық, ағайын!"

Кеше облыстық мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Досмұхамбетов Алихан мен Ермекқалиев Алтынбек "Есіктен-есікке" акциясымен Жаңақазан ауылына барды. Халықпен кездесіп, сайлауға дайындықтарынан хабардар болды. Елдің жай-күйін сұрап, тұрғындардың ұсыныс-тілегін түртіп алды. Сондай ұсыныстың бірі зейнеткерлік жастың ұлғаюы турасында болды. Үміткерлер "Сайлауда жеңіске жетсек, осындай елдік мәселелерді мінбелерде көтеретін боламыз. Сондықтан "Nur Otan"-ды қолдайық, ағайын!" деді.

0
0
149

Облыстық маслихат депутатына үміткер сайлаушылармен онлайн кездесу өткізді

Бүгін облыстық маслихат депутатына үміткер ретінде сайлаушылармен онлайн кездесу өткіздім. Кездесу барысында Сайлауалды бағдарламамен таныстырып, сайлаушылардың пікір-тілектерін тыңдадым. Біз үшін барлық ой-пікір маңызды екені айтылды.

«Nur Otan» партиясы біздің болашағымызға жол көрсететін тура жол екенін алға тарта отыра, 10- қаңтар күні өтетін сайлауда белсенділік танытуға және «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдым.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

10 қаңтар күні сайлауға келіп, Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамын, қымбатты достар!!!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
168

"Мен халықпен біргемін"

Кеше "Бетпе-бет" тікелей эфиріне облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Алихан Декартұлы шығып, желіде онлайн диалог құрды. Желі қолданушылары кандидатқа сұрақ қойып, өздерінің ұсыныстарын тастады. Сұрақ қоюшының "Депутат болудағы мақсатыңыз қандай?" деген сауалына Декартұлы: "Ауылдағы басты проблемаларды бағдарламама енгізіп, трибуналарда айтып, шешімі табылғанша күн тәртібінен түсірмеуді мақсат етемін" деп жауап қатты. Ел үшін еселі еңбек еткісі келетін үміткеріміз "Сіздердің сенімдеріңізді ақтауым үшін "Nur Otan" партиясына дауыс беріңіз. Сонда ғана біздің сөзіміз билікке жетеді" деп, онлайн кездесуді аяқтап, сәттілік тілеген жандарға ризашылығын жеткізді.

0
0
200

Пятимар халқын партиямен бірге болуға шақырды

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Алихан Декартұлы мен Алтынбек Серікқалиұлы сенімді өкілдерімен бірге Пятимар ауылына барды. Тұрғындардың мәселелерін ескеріп, билікке жеткізуге тырысатындықтарын жеткізді. Халықты сайлауда "Nur Otan" партиясымен бірге болуға шақырды. .

0
0
100

Көп балалы аналармен басқосу өтті

Қоғамдық штаб мүшелері көп балалы аналармен кездесу өткізді. Кездесуде Мемлекет басшысының "Көп балалы аналардың жағдайы - әлеуметтік саланың барометрі" деген сөзіне сүйеніп, күн тәртібінен түспейтін өзекті мәселе екенін жеткізді. Демографияны дамытуға үлес қосып жүрген аналар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие екендіктерін айта келіп, бірауыздан "Nur Otan" партиясына дауыс беретіндіктерін хабарлады.

0
0
164

Үміткер ардагерлердің үйіне барып, үгіт жүргізді

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер кандидат Алтынбек Серікқалиұлы сенімді өкілімен "Есіктен-есікке" акциясы аясында аудан ардагерлерінің үйіне барды. Арнайы жүздесуде алдағы сайлау туралы сөз қозғап, бағдарламасындағы елдік мәселелерді айтты. Хал-ахуал, саулықтарын сұрай келе, сайлауда "Nur Otan"-ға дауыс беруге шақырды. Қариялар үміткерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

0
0
174