"Есіктен есікке" акциясы аясында жүздесті
«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Сакенқызы және аудан белсенділері "Есіктен есікке" акциясы аясында Пятимар ауылы тұрғындарының үйлеріне барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Жүздесуде шаңырақ иелері «Nur Otan» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.
