Мазмұнға өту

Жаңа

ПБК төрағасы Саран қаласы стадионының алдындағы орталық корттың, сырғанақтың жай-күйін бақылады.

2020 жылы 26 желтоқсанда партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы Саран қаласы стадионының алдындағы орталық кортқа барып, осы кортқа құйылған мұзайдынға байланысты айтылған сын-ескертулердің орындалу барысын тексерді, сондай-ақ, сол аумақта жасалып жатқан сырғанақтың жай-күйін бақылады.

Қазіргі уақытта мұзайдын қардан тазаланған, беті тегістеліп, қайта құйылған, сырғанақ жасау жұмыстары аяқталған. Келушілер тарапынан сын-ескертулер жоқ. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар партиялық бақылауда болады.

0
0
160

Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат экспромт-кездесу өткізді.

2020 жылы 26 желтоқсанда Саран қалалық мәслихатының депутаттығына кандидат Тәжібаева Нұргүл Сәбитқызы Саран қаласының «Спорттауарлары» дүкеніне барып, экспромт-кездесу өткізді. Кездесуге осы дүкеннің қызметкерлері мен тұтынушылары қатысты.Қызметкерлермен және келушілермен әңгіме барысында кандидаттың сенімді өкілі «Nur Otan» партиясының Саран қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті, сондай-ақ сайлаушылардың тілектерін тыңдады.Әңгіме барысында партияның қалалық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі болып табылатындықтан, шағын және орта бизнесті қолдау мен қорғауға ерекше назар аударды.Кездесу соңында үгіт материалдарын тарата отырып, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партияс…

0
0
133

2020 жылы 26 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар канвассинг өткізді.

2020 жылы 26 желтоқсанда қалалық мәслихаттың депутаттығына кандидаттар Саран қаласы мәдениет қызметкерлерінің пәтерлеріне барып, канвассинг өткізді. Канвассинг барысында оларға үгіт материалдарын таратып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Сондай-ақ, оларды 2021 жылдың 10 қаңтарында азаматтық белсенділік танытып, мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Бүгінгі таңда қала тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
120

Үгіт насихат науқаны қарқынды жүруде

Сайлауалды штабтың басшысы кандидаттардың жүргізіп жатқан үгіт-насихат жұмыстары жөнінде есебі мен жайы туралы жалпы мағлұмат берді. Сол сияқты, сайлауалды штабтың жұмыстары мен әр кандидаттың әлеуметтік желідегі жұмыстары талқыланып өтті. Сонымен қатар, партия атынан кезекті сайлауға түсіп отырған үміткерлерді қолдау, үгіт-насихат шараларын жүргізу, олардың сайлауалды платформасын түсіндіру және желілік кесте бойынша жұмыстары тағы да пысықталынып, сарапталып, нақты тапсырмалар берілді.

#NurOtan #BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
141

«Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалында бейне байланыс арқылы ПБК отырысы өтті.

2020 жылы 25 желтоқсанда «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалында бейне байланыс арқылы Орталық аппаратының партиялық бақылау Комитетінің отырысы өтті. Отырысқа Саран қаласының ПБК төрағасы Жаяубаев Жанбол Қарымсақұлы қатысты.

Отырыста 2020 жылы "Nur Otan" партиясының Партиялық бақылау комитеті мен комиссиялары қызметінің нәтижелері туралы, Партиялық бақылау комитетінің жұмыс жоспарының жобасы туралы, "Nur Otan"партиясының өңірлік және аумақтық партиялық бақылау комиссияларының жаңа құрамдарын қалыптастыру туралы сұрақтар қарастырылды

0
0
119