ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Саран қ. тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді.
2020 жылы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Асан Сүйіндік Юржанұлы ZOOM платформасында Саран қаласының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді. Сүйіндік Юржанұлы алдымен іс-шараға қатысушыларды партияның сайлауалды платформасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесу барысында қала тұрғындары үміткерге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды, атап айтқанда қызмет көрсетушілер тарифтерінің жоғарылығы, кеншілердің зейнет жасының ұзақтығы, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу мерзімі, студенттердің оқуларын соңына дейін жеткізбей тастап кету жағдайларының көбеюі, зейнетақы жинағын пайдаланудағы қиындықтар, мемлекеттік тілді дамыту мәселелері көтерілді.
Сүйіндік Юржанұлы қала тұрғындарын толғандырып жүрген өзекті мәселелерді жазып алып, оларды шешуге атсалысатынын мәлімдеді. Сондай-ақ, барлық қатысушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға белсенді қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде «Nur Otan» партиясына өз дауысын беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021


