«Nur Otan» партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұстафаева Қаншагүл, Базарбай Еркін, Сарбасов Самат, Тәжібаева Ұлжан, Досымов Қайрат, Айтжанова Гүлжайналар «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын насихат үгіттеу мақсатында «Өркен Әлем» ЖШС еңбек ұжымымен кездесті. Келелі кездесуде үміткерлер бағдарламадағы халықтың өмір сүру деңгейін, сапасын, әл-ауқатын арттырудағы атқарылатын жұмыстармен таныстырды. Ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуда және әл-ауқатын арттыруда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Біздің мақсатымыз кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау. Ол үшін мемлекеттік бағдаламалар аясында 200 аса азаматтарды арнайы курстарды оқыту арқылы өз кәсіптерін ашуға жағдай жасау. «Nur Otan» партия…