Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үгіт-насихат науқаны жалғасуда..

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткер – Оспанов Ерік Серікұлы Түлкібас ауданы, Шақпақ ауылдық округінің "Көктал" шаруа қожалығында ЭКСПРОМТ-КЕЗДЕСУ өткізді. Еліміздің көшбасшы партиясы - "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, насихаттады. Ақпарат таратылды. Дағдарыстан шығудың негізі - барлық әлеуметтік және ұлттық топтардың, барлық патриоттық және саяси күштердің іс-әрекетінің бірлігі. «Көк Тал» ШҚ төрағасы ауданға танымал кәсіпкер – Төлешов Бейбіт Асқарұлы. «Көк Тал» ШҚ 2004 жылдан бері бүгінгі күнге дейін жұмыс істеп келеді. Шаруа қожалық алма бау егу бағбандықпен айналысады. Қазіргі таңда шаруа қожалықта 260 га. жер телімі бар, оның 230 га бау. Талай облыс көлеміндегі көрмелерде, республикалық көрмелерде өз өнімдерін елге таныстыруда. Мемлекеттік ауыл шаруашылығындағы көрсеткен көмектерін субсидиясын және тағы басқа жеңілдіктерін пайданалуда. Шаруа қожалықта семинар, бау шаруашылығы бойынша көптеген жиындар өткізіліп келеді. Алма өнімдерін сақтайтын қойма сыйымдылығы 1700 тонна. Онда науқан кезінде 150 адам жұмыс жасайды, қазіргі таңда 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылуда. «Көк Тал» ШҚ «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын алға тартты.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan2021

#BizBirgemiz

#JeńimpazBol

#ГолосуйЗаNurOtan

#NurOtanВсегдаСНародом

0
0
174

Осы тақырып бойынша

Үгіт-насихат науқаны жалғасуда.. - Yvision.kz