Кәсіпкерлікті қолдау - болашақты қалыптастыру
Кездесуде аудандық мəслихат депутаттығына кандидат, «Атамекен» кəсіпкерлер палатасының Баянауыл аудандық филиалының директоры Самат Мақажанов өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.Үміткер: «Біздің ауданымызда 29 мыңға жуық адам тұрады, ал оның ішінде 1348-і ғана кəсіпкерлік субъектісі болып тіркелген, сондықтан мен таңдаған «Nur Otan» партиясының жеті бағдарының бірі – экономикасы тұрақты ауыл. Ауыл тұрғындарының табысын арттыру үшін кəсіпкерлерді қолдау қажет», - деді. Самат Серікұлы. 2020 жылы бизнес саласында, шағын жəне орта бизнестің тұрақты дамуына жағдай жасау үшін шектеу шаралары кезінде көптеген қолдау көрсетілгенін атап өтті. Атап айтар болсақ, салықтық жеңілдікті 727 кəсіпкер мен 510 шаруа қожалығы алды. Субсидия түрінде мемлекеттік қолдау 227 шаруа қожалығына көрсетілді…

