"Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ұжымы Zoom арқылы бейне конференция өткізді
Бүгін Маңғыстау аудандық сайлау штабы мен "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ұжымы Zoom арқылы бейне конференция өткізді. Онда сайлаушыларға сайлауалды бағдарламалар, облыс пен ауданының алдағы бес жылдық даму жоспары, ауылдарға салынатын кешендер, жасалатын әр түрлі саладағы жұмыстар туралы таныстырылды.
Қаламқаста 7000 ға жуық жұмысшы қызмет етеді. Конференцияға Қаламқастың өркендеуіне үлесі зор энергетиктер, геологтар, механиктер т.б әр саланың үздік мамандары қатысты.
Сөз алып сөйлеген сенімді өкіл "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ "Әлеуметтік мәселелер жөніндегі" орынбасары Батыршаев Мұрат Боранбайұлы
облыс бойынша "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ ең партия мүшесі көп мекемеге жататындығын 1200-ге жуық партия мүшесі бар екендігі, және де үгіт- насихат жұмыстарының уақытылы жүргізіліп отырғандығын баса айтты. Алдағы сайлауда біз 100% үміткер әріптестерімізді қолдаймыз, сайлауда дауыс береміз деп аяқтады.
