Мазмұнға өту

Жаңа

Салауатты өмір салты – жарқын болашақтың кепілі!

"Nur Otan" АҚФ сайлауалды штабы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен және спортшылардың қолдауымен "Біз таңдауымызды жасадық" шарасы өткізілді.

"Маңғыстау -Арена" спорт кешенінде жаңа жыл қарсаңында ардагер волейболшылар арасында өткізілген турнирге 10 команда қатысты.

Шара спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған.

Іс-шара барысында карантиндік шектеулер қатаң сақаталды.

0
0
147

Ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Аманғали Күзенбаевпен кездесу

Ақкетікте сондай-ақ ауыл ақсақалы, еңбек ардагері Аманғали Күзенбаевтың шаңырағында болдым. Ақсақал бұрын үлкен жауапты қызметтерде болған. Аймақтың, ауданның тыныс-тіршілігінен хабардар. Өткені мен бүгінін бағамдап, қаланың келешігіне қатысты да ойларын ортаға салды. Әсіресе маған Аманғали ағаның Форт-Шевченко қаласындағы туризм мен балық шаруашылығын дамытуға қатысты келелі ойлары ұнады. Форт-Шевченко-Ақтау-Красноводск бағытында жолаушылар таситын кемелерді шығару арқылы өңір туризміне тың серпін беруге болады дейді. Расында туризм саласы қарқында дамып келе жатқан Маңғыстау үшін туристерді Каспиймен шектесетін елдерден тартуға болады. Оның үстіне Түпқараған төңірегінде көптеген табиғи керемет жерлер Жығылған, Тамшалы, Саура т.б орналасқан.Ақсақалдың аманатын арқалап, тілегін-ескертпесі…

0
0
136

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 28 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері Ақжар ауылдық округіндегі "Шапағат" әлеуметтік медициналық мекемесінің ұжымымен барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

18
0
178

Үгіт - насихат жұмысын сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде де қызу жалғасуда.

Үгіт - насихат жұмысын сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінде де қызу жалғасуда. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Қ.Арыстанбеков "Кандидатқа сұрақ қой" онлайн акциясын өткізді. Акция барысында кандидаттар əлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде сайлаушыларға партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Аудан тұрғындарынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, сайлауда еліміздегі беделді "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
151

Медицина саласында өмір бойы қызмет атқарған Гүлжихан апамызбен кездесу

Медицина саласында өмір бойы қызмет атқарған Гүлжихан апамыз жан-жақты сауатты кісі екен. Қазіргі күні еліміздегі, өлкеміздегі мәселелерді де айтты, жетістіктерді де тізбелеп шықты.Жалпы, ауыл дәрігері мен ауыл мұғаліміне айырықша назар керек. Ауыл дәрігерінің айлығы аз, ал көретін қиындығы қала дәрігерімен тең, тіпті көп. Сондықтан, ауыл дәрігеріне үстеме ақы төленуі керек деп санаймын, жүрген жерімде айтып жүрмін, барар болсам о жерде де айтамын деп ойлаймын.Гүлжиһан апай мынадай мәселелерді баса айтты. Біріншісі - аудандық ауруханаға инфекциялық блок қажет, әсіресе, бұл мәселе кешегі пандемия кезінде қатты байқалды.Алтыншы ауылда салынып жатқан поликлиниканың құрылысы да созылып кетті, сырқат көп, аурухана керек. Алда не жағдай боларын кім білген?!Сосынғы мәселе, аудандық ауруханадағы…

0
0
266

Сайлау алдындағы үгіт - насихат жұмыстарына аудан жастары да белсенді қолдау көрсетуде.

Сайлау алдындағы үгіт - насихат жұмыстарына аудан жастары да белсенді қолдау көрсетуде. Белсенді жастар халықты партияның маңызды жұмыстарымен таныстырып, əлеуметтік желілер арқылы ақпараттандырып жəне үнпарақтар таратуды жүзеге асыруда. Аудандық мəслихат депутаттығына кандидат Қанат Арыстанбеков ауданның белсенді жастарымен онлайн кездесу өткізді. Кандидаттар еліміздің ертеңгі күні дамып, озық елдер қатарынан көрінуі жастардың қолында екендігін , партия тарапынан көрсетіліп жатқан жұмыстар мен жастарға қолдаулар туралы ой бөлісіп, көптеген сұрақтарға жауап берді. Партияның сенімді қанатына айналған жастарға алдағы сайлау науқанында оң шешіп таңдайтындарына сенім артты. Соңында жеңіс биігінен бірге көрінуге тілек білдірді.