Шонжы ауылының орталық базарында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ағымдағы жылдың 27-желтоқсан күні Шонжы ауылының орталық базарында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Нұров ,Ж.Керімқұлов және А.Ашимов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кәсіпкерлер мен тұтынушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.. Кездесу барысында санитарлық сақтық шаралары толық сақталды.
