Мазмұнға өту

Жаңа

Ақылды үлкеннен сұра деген халқымыз

Ақылды үлкеннен сұра деген халқымызАуылының бүгіні мен ертеңіне алаңдап, таңының тыныш атып, күндерінің жақсылыққа толы болуына тілеулес болып, келелі ой түзіп, кемел ақыл қосып отыратын ақсақалдар әр елді мекенде бар. Ал, Ақтау ауылында тұратын ардагер ұстаз, көп жылын білім беру саласына арнаған, ауданымыздың құрметті азаматы Клим Бексейітов ағайдың орны тіпті бөлек. Туған жерінің әр тасының қыр-сырына қанық ол Ақтаудағы жылт еткен әр жақсылыққа тәуба келтіріп, шүкіршілік етеді. Клим Нұғыманұлы елімізде болып жатқан барлық айтулы жаңалықтардан хабардар, өзіндік ойын да батыл айтады. Зайыбы Закия екеуі өзінің ғана емес көршінің де қазаны ортаймай, қорасы малға, үйі жанға толы, бай да бақуатты өмір сүрсе екен дейді. Осындай көзі ашық, көкірегі шежіре ақсақалға көрісе және алдағы сайлау ба…

0
0
230

Жаңабек Жақсығалиевтің сенімді өкілі Жаңақала ауданы орталығында болып, еңбек ардагерімен кездесті

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер Жаңабек Жақсығалиевтің сенімді өкілі Жаңақала ауданы орталығында болып, еңбек ардагерімен кездесті. Аталған басқосуға қатысқан сенімді өкілдер жиналғандарға «Nur Otan» партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті басымдықтарымен таныстырып, негізгі алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар бес жылдық жоспарға жол төсеу, мектептер мен балабақшалар салу, жаңа ауруханалар ашу секілді күрделі мәселелер кіргенін айтты. Тұрғындар тарапынан да ұсыныс-пікірлер айтылып, сауалдар қойылды.

Кездесу соңында сенімді өкілдер үгіт парақшаларын таратып, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
200

Аудандық маслихат депутаттығына кандидаттар құрылыс орталығына барып кездесу өткізді.

Желтоқсанның 26-жұлдызында аудандық маслихат депутаттығына кандидат Нұров Мәулен Мұқажанұлы мен Ашимов Алимжан Тохтиевич Шонжы ауылында орналасқан құрылыс орталығына барып, партияның сайлауалды бағдарламасы, ондағы негізгі мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп қайтты. Сонымен қатар, алда болатын сайлауда өз дауыстарын "Nur Otan" партиясына беруге шақырды

0
0
103

Кандидат Еркебулан Нұржақыпов онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен жүздесті .

Аудандық маслихат депутаттығына кандидат Еркебулан Нұржақыпов онлайн форматта тікелей эфирде желі қолданушыларымен жүздесті . Кездесу барысында желі қолданушылары сұрақтарын қойып белсенділік танытты.

0
0
131

Шонжы ауылының орталық базарында кандидаттар үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Ағымдағы жылдың 27-желтоқсан күні Шонжы ауылының орталық базарында аудандық мәслихат депутаттығына үміткер М.Нұров ,Ж.Керімқұлов және А.Ашимов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кәсіпкерлер мен тұтынушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.. Кездесу барысында санитарлық сақтық шаралары толық сақталды.

0
0
216

Кандидаттар "Sulpak" тұрмыстық техника және электроника дүкенінің қызметкерлерімен кездесті .

27 желтоқсан күні аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мәулен Нұров, Алимжан Ашимов және Керімқұлов Жәнет "Sulpak" тұрмыстық техника және электроника дүкеніне барып, тұтынушылармен және дүкен қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттар 10 қаңтардағы сайлауда еліміздегі бірден-бір жетекші партия "Nur Otan " - ға дауыс беруге шақырды. Партияның алдағы жоспарларымен таныстырып , ондағы 7 бағыттан құралған бағдарламада ауданымыздағы өзекті мәселелердің шешу жолдарының қарастырылғандығын айтып өтті.