Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді

Үгіт-насихат жұмысы аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ибраев Ж.Ж және қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмеджанов А.Т, Молдагалиева Ж.Т партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, партия мүшелерінің алдағы 5 жылдағы мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.

- Біз сіздерге партиямыздың бағдарламасын ұсынып отырмыз. Бұл бағдарлама көпшілікті мазалаған мәселелер мен сұрақтарды қамтитын 7 бағыттан тұрады. Кәсіпкерлікті қолдау – негізгі бағыттардың бірі. Бүгін сіздерге бағдарламаның шағын және орта бизнеске тиімді бағыттарын түсіндіруді мақсат етіп отырмыз, - деді кандидат Жанат Молдагалиева.

Партия алдағы 5 жыл ішінде барлық кәсіпорындардағы жұмыс орындарын сақтауға, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашуға қолдау көрсетуге дайын.

Сонымен қатар кәсіпкерлікті ғана емес, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй құрылысын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған 2020 - 2025 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспары жүзеге асырылуда.

- Біздің басты міндетіміз - семейліктердің сенімін ақтау. Бәріміз жұмыла еңбек етіп әр азаматтың жайлы өмір сүруіне, әл-ауқатының жақсаруына жағдай жасауымыз керек», - деп өз сөздерін түйіндеді кандидаттар.

0
0
168

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» шағын және орта бизнеске қолдау көрсетеді - Yvision.kz