Дәрігерлермен кездесу өтті
«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар К.Оспанов,Е.Сабитов, К.Досиханов және С.Борбасов Аягөз орталық аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

«Nur Otan» партиясы атынан облыстық және аудандық мәслихатқа ұсынылған кандидаттар К.Оспанов,Е.Сабитов, К.Досиханов және С.Борбасов Аягөз орталық аудандық аурухана ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттардың сенімді өкілдері ZOOM онлайн платформасы арқылы жиналыс өткізді. Онлайн жиынға қатысқандар ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құқылы екендерін жеткізді. Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттардың сенімді өкілдері аудан тұрғындарымен "Nur Otan" партиясының үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындарға өздерінің ерікті түрде сайлауға барып, таңдау жасауға құқылы екендерін жеткізді. Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттардың сенімді өкілдері "Есіктен-есікке" акциясы аясында ауыл тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер кандидаттардың сенімді өкілі ауылымыздың еңбек ардагерімен кездесу кезінде партияның аудандық сайлауалды бағдарламасының негізгі жеті басымдықтарымен таныстырып, алға қойылған міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, үміткеріміз үгіт парақшаларын беріп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысып, жетекші “Nur Otan” партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгін аудандық мәслихатқа үміткер кандидат Оразгүл Кубесова Facebook парақшасынан "Үміткерге сұрақ қой" айдарымен тікелей эфирге шықты. Эфир кезінде көпшілікті партияны қолдауға шақырды. Желі тұтынушылары кандидатқа сұрақтарын қойып, сәттілік тіледі.
Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар Закарин Дархан, Лариса Тұрарқызы, Аюпов Ернар, Жардемова Зара және сенім білдірген адамдары Көпжасар ауылының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізді. Кездесуде ауылдағы атқарылған бірқатар істер партияның ықпалымен шешімі табылғанын айта келіп, әлі де түйінін таппаған мәселелер оң нәтижесін беретіндігін жеткізді. "Сондықтан "Nur Otan" партиясын қолдайық, ағайын. Партияға дауыс беріңіздер, бірліктеріңізді көрсетіңіздер" деді кандидаттар бірауыздан.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Дархан Закарин сенімді өкілдерімен бірге Меңдешев ауылдық округінің тұрғындарына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Сайлау туралы ақпараттар айтып, үнпарақтар таратты және "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.
Бүгін аудандық штаб мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен "Nur Otan" партиясы бағдарламаларының негізгі мақсаттарын талқылау үшін бас қосты. Штаб төрағасы Р.Саматов жыл соңында мемлекеттік бағдарламалар аясындағы ауқымды істер оң нәтижесін бергенін, жеке тұлғалардың бастамалары ескерусіз қалмағандығын айтып, келер жылдан да үмітті екендігін жеткізді. Кездесуге келген шағын және орта бизнес өкілдері "Nur Otan" партиясының сайлауда жеңіске жетуін тіледі және дауыс беретіндерін хабарлады. Мемлекет тарапынан демеушілік, қолдау алу аудан халқы үшін, соның ішінде жұмыссыз жастар үшін серпіліс, тың бастама екендіктерін жасырмады.
Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттардың сенімді өкілдері "ZOOM" платформасында аудандағы белсенді арулармен бас қосты. Сайлауалды үгіт жүргізген өкілдер партияны қолдауға шақырды. Онлайн жүздесудің соңында ханымдар өз салаларында нәтижеге қол жеткізулері партияның ықпалы екендігін айта келіп, сайлауда "Nur Otan" партиясын таңдайтындықтарынан хабар берді.