Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Әйелдердің саясаттағы ролі» тақырыбында кездесу

28 желтоқсан күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қатысуымен «Әйелдердің саясаттағы ролі» тақырыбында кездесу өтті. «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалының мәжіліс залында өткен кездесу онлайн және офлайн форматта өткізілді. Кездесуге ауданымыздың саясаттағы, мемлекеттік қызметтегі белсенді нәзік жандылар, «Аналар кеңесінің» мүшелері, көп балалы аналар және жастар қатысты.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин әйелдердің саясаттағы ықпалының артып келе жатқандығын тілге тиек ете отырып, праймериз соның дәлелі болғандығын ерекше атап өтті.

-Биыл партиямыз еліміздің тарихында бірінші рет партияішілік «Праймериз» өткізді. Ал бұл саяси науқанға қатысушылардың 30 пайыздан астамы әйел адамдар болуы нәзік жандылардың саясаттағы ықпалының артып келе жатқандығын және партияның әйелдердің белсенді қызмет етуіне жағдай жасай отырып қолдайтындығының дәлелі. Бұл ауданымызда гендерлік саясаттың белсенді жүргізілуінің куәсі деп білеміз.

Сонымен қатар Ерболат Мұратқалиұлы жиында партияның бес жылға арналған бағдарламасына да тоқтала отырып әйелдердің қоғамдық өмірде де белсенділігін арттыру көзделгендігін, көп балалы аналарға да қолдаудың артатындығын және нәзік жандыларға қатысты бірқатар мәселелердің партия назарында болатындығын айқындап берді. Онлайн және офлайн форматта жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап бере отырып, өзекті мәселелердің назардан тыс қалмайтындығын жеткізді. Кездесуге қатысушыларды алдағы сайлау науқанында да партияның жүргізіп жатқан оң нәтижелі саясатын ескере отырып қолдап, дауыс беруге шақырды.

«Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы

0
0
242

Осы тақырып бойынша

«Әйелдердің саясаттағы ролі» тақырыбында кездесу - Yvision.kz