«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды.
25 желтоқсан күні облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Меңдібаев, К.Ешманов, Н.Тумышев және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Т.Ерманов, А.Байжан, Ж.Ешманов, А.Ордабаева, Е.Жолдыбаев және С.Дүйсенбеков Бекі ауылында болып, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырды. Жиында сөз алған кандидаттар өз сөздерінде "Nur Otan" партиясы өзінің тарихында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бағытында баянды бастамаларға ұйытқы болып келеді. Бұл тұрғыда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығын өркендету, сол арқылы халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту-басты назарда. Ендігі мақсат –белгіленген басты бағыттарды ел арасында кеңінен насихаттай отырып, қоғам алдында мүлтіксіз орындау. Біз айтып жүрген табыстарымыздың…

