" HeidelbergCement Kazakhstan" КаспийЦемент" ЖШС қызметкерлерімен онлайн кездесу
«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері мен Маңғыстау облысы маслихатына үміткерлер Шетпе ауылы тұрғындары және жастары," HeidelbergCement Kazakhstan" КаспийЦемент" ЖШС қызметкерлерімен, сайлауалды бағдарламаларды таныстыру жұмыстары тікелей эфир арқылы жүргізілді. «Nur Otan» партиясының әлеуметтік желісінде желі қолданушылар, әрі сайлаушылар, үйден шықпай-ақ ұялы телефонымен желіге қосылып, өз сауалдарын жолдап, тұщымды жауап алуға мүмкіндік алды. Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб төрағасы Е.Әбілов, мүшелері Е.Күмісқалиев К.Ешманов және «Nur Otan» партиясының Маңғыстау облысы және Маңғыстау аудандық сайлауалды бағдарламаларының басты бағыттарын, алға қойылған міндеттер мен жоспарлы жұмыстарын таныстырып өтті. Сонымен бірге штаб мүшелері «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
