Жаңа
Қиындықты еңсеріп жеңіске бірге жетеміз
Бүгін үміткерлер Берік Бекжанов, Тасқынбай Бүрлібаев, Нұрдәулет Үмбеталиев, Жансері Суетов Шымкент механикалық зауытына барып, жұмысшыларға "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламаларын таныстырып, заңға сәйкес бірқатар сауалдарға жауап берді.«Бүгінде қалада 71 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектілері бар. Онда 153,1 мың адам жұмыс істейді. Қаладағы кәсіпкерліктің жалпы өнімдегі үлесі 31 пайызды құрайды, бұл әлі де аз. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50 пайыздан асады. Біз осыған ұмтылуымыз қажет», – деді Тасқынбай Бүрлібаев. Осы мақсатқа жету үшін «Nur Otan» партиясының бастамасымен: Жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында «Мен кәсіпкер боламын» атты өңірлік іс-шара іске асырылады; Алдағы 5 жылда 100-ден астам жастар мен әйелдерге жеңілдетілген несие беріледі;…
"Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы
2020 жылдың 30 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Қоңыршәулі ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.
Түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қазақстан Республикасының мәжіліс және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер М. Құлшар, Ж. Жақсығалиев, С. Сүндетова және Л. Жұбанышқалиева Амангелді ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындарын сайлауға белсене қатысуға шақырды.
#NurOtan📷 #JasOtan📷 #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021
Қалаларда жайлы жағдай жасаймыз
"Есіктен есікке" акциясы.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткердің сенімді өкілі мен сенімді жастар Шашубай кентінде "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында олар кент тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды! #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
ПОСТ С ФБ