Мазмұнға өту

Жаңа

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2020 жылдың 30 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Қоңыршәулі ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

18
0
137

Түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Қазақстан Республикасының мәжіліс және аудандық маслихат депутаттығына үміткерлер М. Құлшар, Ж. Жақсығалиев, С. Сүндетова және Л. Жұбанышқалиева Амангелді ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді. "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ауыл тұрғындарын сайлауға белсене қатысуға шақырды.

#NurOtan📷 #JasOtan📷 #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
118

"Есіктен есікке" акциясы.

Аудандық мәслихат депутаттығына үміткердің сенімді өкілі мен сенімді жастар Шашубай кентінде "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында олар кент тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерімен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды! #NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
149

Үгіт-насихат

Тасқала аудандық партия филиалының бақылау комиссия мүшелері және сайлауалды штаб өкілдері Тасқала ауылдық округінде «Есіктен есікке» акциясы бойынша үй-үйлерді аралап үгіт-насихат жүргізілді. Ауыл тұрғындарын сайлауға белсенді қатысуға шақырды. Сайлау науқаны кезінде үйлерді аралап жүрген үгіт-насихатшыларды ауыл тұрғындары жылы қарсылап, сайлау кезінде белсенділік танытамыз деп сендірді.

0
0
147