Мазмұнға өту

Жаңа

Ақпәтер,Қараөзен ауылдық округтерінде сайлаушылармен кездесу өтті

30 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы атынан Казталов аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Миржан Қарабалин,Рауан Есенғалиев,Ерболат Бекмулдин үгіт-насихат жұмыстары аясында Ақпәтер,Қараөзен ауылдық округтерінде болып сайлаушылармен кездесті. Кездесуде үміткерлер партияның бес жылға арналған бағдарламасын түсіндіріп,қоғам назарындағы мәселелерге де тоқталды. Сайлаушылар тарапынан Қараөзен ауылдық округіне балабақша,жаяу жүргіншілер жолы керектігі,халықтың әлеуметтік,қаржылық сауаттылығын арттыру жөнінде,Ақпәтер ауылдық округінің сайлаушылары Ақпәтер-Жалпақтал жолын асфальттау керектігі жөнінде ұсыныстар айтылды. Сонымен қатар бірқатар әлеуметтік маңызы бар мәселелер көтерілді. Сайлаушылар үміткерлерге сәттілік тілеп,бейбітшілік пен тұрақтылықтың негізі болған партияны қолдайтындықта…

0
0
280

"Тәуелсіздік тарихы - табыстарымыздың тарихы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Бүгін "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдиннің қатысуымен "Тәуелсіздік тарихы - табыстарымыздың тарихы" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел барысында Ерболат Мұратқалиұлы еліміздің дамуы жолында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екендігін,көрегендігі мен сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіздіктің берік іргесі қаланғанын және еліміздің осы күнге дейін жеткен жетістіктерін,партияның оған қосқан үлесін баяндап берді. Кездесуге өзін-өзі жұмыспен қамтушылар,қоғам белсенділері, жастар қатысты. Сонымен қатар дүңгелек үстелде алдағы сайлаудың маңыздылығы да ескеріліп, партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланды. Қатысушылардың ұсыныс, пікірлері назарға алынатындығы ескертілді. Дөңгелек үстел онлайн және офлайн форма…

0
0
177