Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Білім беру саласы өкілдерімен кездесу

Бүгін Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Қ.Қансеитов, Г.Нұрмаханова, Г.Қарабаева және Д.Ештаева білім беру өкілдерімен "ZOOM" платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді.

Еліміздің бас партиясының білім беру жүйесіне басымдық беріп отырғаны туралы ауданның білім беру саласы өкілдерімен өткізген кездесуде айтылды. ZOOM платформасында кандидатпен жүздескен ұстаздар сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету ауданды одан әрі дамыту үшін маңызды шарт болып табылатынын атады.

Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты болып табылады. COVID-19 пандемиясы білімге деген көзқарасты өзгертті. 2020 жылы коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері жаңа қашықтықтан оқыту форматына көшті.

Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептер жоқ, кәсіпорындармен бірлесіп дуальды оқыту ұйымдастырылған. Сондықтан білім беруде білім беру сапасын арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударылатын болады. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2025 жылға дейін қашықтықтан заманауи оқыту технологияларын енгізу, жаңа талаптарды ескере отырып мұғалімдерді даярлау, жоғары және бірінші санатты оқытушылар құрамын, оның ішінде аймаққа жаңа кадрларды тарту арқылы арттыру, Ханарық және Ұйымшыл елді мекендерінен мектепке дейінгі 2 ұйымның қосымша ашылуына байланысты 3 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды қамтамасыз ету, аудандағы күрделі жөндеуді қажет ететін 6 мектепті күрделі жөндеуден өткізуге (Биболатұлы, Екпінді, Қаратөбе, Қостөбе, Ханарық, Шомшақты) бойынша бір қатар шараларды қолға алды.

Толығырақ атап кетсек 2021 жылы Ленгір қаласындағы №6 мектепке қосымша 200 орындық орта мектебінің құрылысына, 2022 жылы Ханарық елді мекеніндегі Ханарық орта мектебіне 200 орындық қосымша ғимараттың құрылысына, 2022 жылы Қаратөбе елді мекеніндегі 200 орындық орта мектебінің құрылысына; 2023 жылы Ұйымшыл елді мекеніндегі Ұйымшыл орта мектебіне 200 орындық қосымша құрылысына, 2023 жылы Ынтымақ елді мекеніндегі 150 орындық

2
0
195

Осы тақырып бойынша

Білім беру саласы өкілдерімен кездесу - Yvision.kz