Мазмұнға өту

Жаңа

Сайлауалды штаб мүшелері "Миграж" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті.

Аудандық сайлауалды штабының бастығы Әлиаскар Бердімұрат Штаб бастығы "Nur Otan" партиясының жетістіктерін жіпке тізе айтып берді және де алға қойған мақсат міндеттерін тілге тиек етті. Сайлауалды бағдарламасында түзілгендей, бұл партия мынандай жұмыстарды жүзеге асырады.- ауылдарға газ жүйесі тартылады;- асфальттар төселіп, жолдар жөнделеді;- аудан тұрғындары толықтай ауыз сумен қамтылады;- ағын су мәселесі шешімін табады;- білім ошақтары салынады;- мәдениет үйі бой көтереді;- маңызы бар жолдарға бейнебақылау орнатылады, т.б.Жұмысшыларға ерікті жастар тарапынан үгіт насихат үнқағаздары таратылды.

0
0
181

Облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Халилин Е.Б. Саран қ. тұрғындарымен кездесу өткізді.

2021 жылы 3 қаңтарда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидат Халилин Ерден Балтабайұлымен ZOOM платформасында Саран қаласының тұрғындарымен онлайн-кездесу өткізді. Ерден Балтабайұлы алдымен іс-шараға қатысушыларды Жаңа жылдарымен құттықтап, отбастарына бақ-береке, зор денсаулық тіледі. Содан соң партияның сайлауалды платформасымен және оның негізгі бағыттарымен таныстырды, өз сөзінде дене шынықтыру мен бұқаралық спортты, туризмді дамытуға басты назар аударды.Кездесу барысында қала тұрғындары үміткерге өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды, атап айтқанда Ақтас кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу, өндірістік гимнастиканы қолға алу мәселелері көтерілді.Ерден Балтабайұлы қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, көтерілген мәселелерді шешуге атсалысатынын мәлімдеді. Сондай-а…

0
0
169