Құрметті достар! Сіздерді шын жүректен, ыстық ықыласпен келе жатқан Жаңа 2021 жылмен құттықтаймын!
Өткен жыл біздің университет үшін күрделі және жарқын оқиғаларға толы болды. Ковидпен бетпе-бет келіп, қашықтан оқытуға көшіп, Canvas жүйесін игердік. Спорт алаңдарын ашып, меморандумдар арқылы көп жаңа сапалы серіктестер таптық және де университетіміздің құрылымын қайта құрдық.
Ендеше, жаңа 2021 жыл жағымды эмоциялар әкелетін оқиғаларға, ұмытылмас сәттерге толы жыл болсын. Барлық үміттеріңізді, армандарыңызды ақтайтын берекелі жыл болсын деп тілеймін!
Ортақ шаңырағымыздың жарқын келешегі үшін еңбектеніп жүрген барша қазақстандықтарымызға бейбіт өмір мен тыныштық, мол жақсылық тілеймін!
Жаңа жылдарыңызбен!
Берик Ахметов
