Мазмұнға өту

Жаңа

Онлайн қабылдау өтті

Сайлауалды жоспары бойынша бүгін «Nur Otan» партиясының ғимаратындағы азаматтарды қабылдау бөлмесінде бекітілген кесте бойынша маған берілген екі сағат ішінде алты адамды қабылдадым. Қабылдау онлайн түрінде, ватсап жүйесі арқылы өтті.

0
0
115

Онлайн қабылдау өтті

Сайлауалды жоспары бойынша бүгін «Nur Otan» партиясының ғимаратындағы азаматтарды қабылдау бөлмесінде бекітілген кесте бойынша маған берілген екі сағат ішінде алты адамды қабылдадым. Қабылдау онлайн түрінде, ватсап жүйесі арқылы өтті.

0
0
156

Онлайн қабылдау өтті

Өлеңті ауылы Өтемісов көшесінің тұрғыны Н.Төлеуова, 1 топ мүгедек. Жұмыссыз. Мүгедектерге Жеке оңалту бағдарламасына (ЖОБ) сәйкес берілетін көмекші құралдардың сапасы төмен, атап айтқанда 2001 жылдан бері алатын мүгедектік арбалардың алғаннан кейін көп қолданбай істен шығатыны, сауықтыруға баруға жеке көмекші қажет, бірақ олар ақылы түрде бару керек екен, алайда ондай мүмкіндік болмай, жылда сауықтырудан бас тартуға мәжбүр. Ауданда инватакси қызметі неге жоқ, сол қызмет болса деген үміт артып отырғанын жеткізді. Мүгедектерге көңіл бөлінсе екен деді, 18 жастан асқаннан кейін төрт қабырғаға қамалып, ешқайда баратын жер жоқ екенін айтты. Сол жағынан жұмыс ұйымдастырылса деп аманатын айтып, сайлауға қатысатынын жеткізді. Осы бағытта жолыққан Жымпиты ауылының тұрғындары З.Нұрмашева және Ж.Кәкі…

0
0
147

Онлайн қабылдау өтті

Жымпиты ауылының тұрғындары Г.Бабашова, Ш. Ранова және Ж.Кәкімғалиева- Аудан орталығында жалғыз бір балабақша, алайда оған да кезек күту керек және тек 3 жастан қабылдайтынын айтып, балалары бір жас жарымға толғасын жұмысқа шығу үшін қиналатындарын айтты. Жаңа балабақша салынса екен деген аманаттарын жеткізді. "Nur Otan" партиясына сенім артып, сайлауға баратындарын айтты.

0
0
140

Онлайн қабылдау

Жымпиты ауылының С.Датов көшесінің тұрғыны Казиева Айзада тәжірибелі тәрбиеші, тұрақты жұмыс болса деген үмітпен жолықты. Заң талаптарына сәйкес түсінік жұмыстары жүргізілді. "Nur Otan" партиясына сенім артып, сайлауға баратынын жеткізді.

0
0
177

«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы

2021 жылдың 5 – ші қаңтары күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Үржар ауылдық округіндегі "Парасат" медициналық орталығында барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.

19
0
199