Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыруды жалғастырамыз. Алдағы 5 жылдық бағдарламада барлық сала толық қамтылған. Оның ішінде экологиялық жағдайды жақсартуға да ерекше мән берілген.

Халықтың өмір сүру сапасын арттырудың маңызды факторы ретінде қарастыра отырып, экологияға инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларға қол жеткізу жоспарланған. Өңір тұрғындары қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесуі және өндіріс пен тұрмыста таза экологиялық технологияларды енгізуді қолдауы тиіс.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

📷 Тараз қаласында 2022 жылдың соңына дейін қатты тұрмыстық қалдық өңдеу/жағу зауытын салуға;

📷 158 ұйымдастырылған қоқыс үйінділері мен полигондарды экологиялық талаптарға және санитарлық ережелерге сәйкес келтіруге;

📷 Жасыл белдеулерді құруға: аудандардың елді мекен аумағына және Тараз қаласына жыл сайын 53 га мемлекеттік орман қоры, өнеркәсіп кәсіпорындарының аумақтарында 990 мың дана қарағаш, 4,5 мың сексеуіл егуге;

📷 Тараз, Жаңатас, Қаратау, Шу қалаларында тазарту құрылғылары кешенін салуға;

📷 Барлық ауылдарда қоқыстарды бөлек жинау және құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін контейнерлер орнатуға (2021 ж. - 439 бірлік, 2022 ж. – 598, 2023 ж. - 782, 2024 ж. - 800, 2025 ж. - 1080) ықпал етеді.

#сайлау_2021

#Nur_Otan_дауыс_бер

#Қиындықты_еңсеріп

#Жеңіске_Бірге_Жетеміз

0
0
162

Осы тақырып бойынша

"Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасы - Yvision.kz